2020 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына арналған «Өмір жолы – Non Stop» экспозициясының ашылуы өтті.

Экспозиция SIM-картаның жоқтығына, абоненттің теріс балансы немесе «қол жетімді емес» аймақта болғанына қарамастан әрбір адамға белгілі «112» жедел телефон нөмірімен біріктірілген 4 блоктан тұрады.

Бірінші бөлім азаматтық қорғаныстың құрылу тарихына арналған. Экспозицияның осы бөлігінде музей коллекциясындағы азаматтық қорғаныс органдарының қор фотосуреттері мен заттары көрсетілген.

Экспозицияның екінші блогы Теміртау қаласының өртке қарсы қызметінің тарихына арналған. Өрт сөндірушінің құрал-саймандары мен жабдықтары мамандықтың барлық қиындықтарын ашады. Өрт сөндірушінің міндеттері қосымша фото және бейне материалмен толықтырған.

Үшінші блок тарихы 1947 жылы басталған Теміртау қаласының суда құтқару қызметіне арналған. Экспозицияда ұсынылған сүңгуірлердің костюмдері мен жабдықтары ерекше қызығушылық тудырады.

Ашылу салтанатына Теміртау қаласының ТЖ басқармасының бастығы Алпысбаев Арман Сағынтайұлы, Теміртау қаласының құтқару бөлімшесінің басшысы Лыков Игорь Алексеевич, ТЖ басқармасының қызметкерлері және Теміртау қаласының БАҚ өкілдері қатысты.

Іс –шараның ашылуы «Instagram» әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде өтті.

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн