IMG 003010 қарашада Теміртау қалалық тарихи- өлкетанумұражайында Халықаралық зағиптар күніне арналған «Тарихты қармалап тану апталығы» іс-шара өткізілді. 13 қараша бүкіл әлем бойынша мәңгілікке көру қабілетін жоғалтып, қиын жағдайға душар болған жандарға көңіл бөлу күні болып аталып өтіледі.

Теміртаулық мұражай сырт қалмай, «Қала тарихы» залына қатысушыларды шақырып, олардың көздерін байлап, зал бойынша экскурсия жүргізді. Өткізілген осы бір ерекше экскурсияның мақсаты адамдар көзбен көрмеудің қаншалықты қиын екенін сезінсе екен дедік. Мұражайда жәдігерлерді қолмен ұстауға болмайды деген басты ереже бұзылып, дәл осы күні жәдігерлерді қолмен ұстап, қармалап сезінуге мүмкіндік болды. Келушілер алдын –ала таңдалған бағыт бойынша жүріп отырып, Теміртау қаласының тарихын осылай таныды.

Бұл бір күндік іс-шара емес, бір айдың ішінде қалаған келуші «Қала тарихы» залымен, ол жердегі жәдігерлермен көзін байлап, қолымен қармалап танысуына болады.


IMG 0033 IMG 0055 IMG 0066

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.