IMG 011713 қарашада қалалық тарихи-өлкетану мұражайында суретші Степан Иванович Бабийдің 70- жылдығына арналған «Бояу бетіндегі әлем» тақырыбында жеке көрмесі ашылды. Бұл теміртаулық суретшінің бесінші жеке көрмесі, көрмеде әр түрлі кезеңде, 60-шы жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін жазылған 60-тан астам суреттері, сәндік қолөнер заттары, кәдесыйлық заттар орын алды.

Осы көрме 50-жылдық шығармашылық қызметтің нәтижесі деуге болады. Суретші бояу мен кенептің күшімен сізді өзі кезінде аралаған қалалар мен елдерге, сол қалалардың сәулеттік ерекшеліктерімен, ескерткіш орындарымен таныстырып,  саяхатқа аттандырғандай әсер береді. Көрмеге келушілер акварель, майлы бояумен жазылған кескіндемелерді, графикалық суреттерді көріп, тамашалап, бейнелеу өнерінің түрлі жанрына тәнті болды.


IMG 0106 IMG 0120

IMG 0147 IMG 0161

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.