Оған 6-дан 60 жасқа дейінгі үміткерлер қатысып өздерінің қолдан жасаған шыршаларын ұсынған. Қолданылған материалдардың түріне сан жетпейді. Байқаудың мақсаты жұрттың шағармашылық қырын ашу мен экологияға мән беру. «Мереке қарсаңында шырша шабуға орманға аттанатын ағайынға аз болсын ой салсақ, біз үшін үлкен жеңіс» дейді ұйымдастырушылар. Теміртаудың өлкетану мұражайы үнемі елең еткізер жаңалықпен жұртты таңдандырып келеді. Сағат, сөмке, самаурын атаулының көрмелерін өткізген олар биыл шыршаны қолға алыпты. Сондықтан мұнда қазір қағаз бен темірден және тоқымадан жасалғандарын қоспағанда, пістеден, кәмпиттен, тиын-тебеннен, түйме-моншақтардан, құрылыс заттарынан, макароннан, тіпті кофе дәндерінен қыздың жиған жүгіндей құрастырылған шыршалар сан алуан. Барлығы 300-ге тарта туынды әкелініпті. Ләйлә Әлікеева, Теміртау қалалық тарихи-өлкентану мұражайының қызметкері: -Қарашаның ондарында хабарлама берілді 1-ші желтоқсанға дейін тыныштық болды. Тіпті қорқа бастадық шыршалар келе ме, келмей ме деп. 1-ші желтоқсаннан кейін әкеле бастады. Байқауға әкелінген алуан түрлі туындылардың көптігінен олар мұражайдың 4 залына бөлініпті. Әлі де әкеліп жатқандар бар. Өйткені жаңа жыл мерекесінің бірінші атрибуты халықтың жанына жақын, шығармашылығына да өзінше серпін береді екен. -Бабамыздан қалмаса да, жаңа жылды тойлау десе бюджеттің миллиондаған теңгесін мынадай зәулім шырша алуға жұмсайтын билікке де креативті ойлау артық болмайтын сыңайлы. Айтпақшы, Қарағандыда мынадан сән-салтанаты кем түспейтін тағы 2 шырша тұр. Бір қызығы жыл өткен сайын осындай мерекелік шыршалардың саны да артып, бойы да өсіп келе жатыр. Ал Теміртауда көркі мынадан кем түспейтін қолдан жасалған шыршалар байқауының жеңімпазы13 қаңтарда анықталатын болады.

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн