«Жаңашыл шырша». Қарағанды облысының Теміртау қаласында ерекше, сәнді шыршалардың көрме-сайысы өтті. Шығармашылық жарысты қалалық тарихи-өлкетану мұражайының ұжымы ұйымдастырған. Бір ай бұрын жарияланған көрмеге аймақ тұрғындары 300-ге жуық қолөнер туындысын әкелген. Қолөнер бұйымдары расында да ерекше. 3 жүзден астам шырша бір-біріне ұқсамайды. Жасыл желек түрлі маталар, қағаздар, құрылыс материалдары мен ақшадан да жасалған. Моншақ, макарон, кәмпит шыршалар да бар. Алена Вегтерева өз шыршасын кәдімгі боялған киізден жасапты. Бір қарағанда киіз деп ойламайсың, нағыз орман сұлуының өзі. Алена Вегтерева, көрме қатысушысы: Мен шыршаны киізден тігіп, ерекшелеу үшін ойыншықтарды ілдім. Шелегін кішкентай қысқыштардан жасадым. Сөйтіп, әдемі шырша болып шыға келді. Көрмеге еңбектеген жастан еңкейген қарияға дейін қатысқан. Нақтырақ айтсақ, 4 пен 50 жас аралығында. Әрқайсының өз талғамы бар. Көрермендер де таңдауларын жасап жатты. Біреулер ақша ағашқа қызықса, мынау - сүлгі шырша Теміртаудың кішкентай қыздарының көңілінен шықты. Лада Жеткова, көрермен: Шырша раушан гүлінен жасалғандықтан, жазды, ал шырша ретінде, қыс мезгілін елестеді. Өзгелерге ұқсамайды, ерекше. Ұйымдастырушылар, осылайша тұрғындардың шығармашылғын дамытып, көңіл-күйін көтеруді көздеген. «Әр Жаңа жылды орманда өскен шыршамен қарсы алу міндетті емес екендігін айтқымыз келді», - дейді. Лейла Әлікеева, Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайының бас қор сақтаушысы: Басты идея - бұл қоршаған ортаны сақтау, тұрғындардың шығармашылық белсенділігін арттыру. Мүмкін келесі жылы тағы бір адамның шығармашылық жеке көрмесін өткізіп қалармыз. Ең үздік шыршаны да тұрғындар дауыс беру арқылы өздері таңдайды. Жеңімпаз қаңтар айында марапатталмақ.

 

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн