IMG 2897Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 6 ақпанда сағат 16.00 –де Теміртаулық мұражайда Қазақстандық жас суретшілердің «Art  Sapar» көрмесі ашылды. 

«Art Sapar» бұл Қазақстандағы ең бірінші көркемдік көшпелі көрмелердің жобасы. Мақсаты: көрермендерді қазақша мәнердегі виртуалдық бейнелер мен оның мағынасымен таныстыру. 100-ден астам живопись, мүсін, графика, басқа да дәстүрлі тәсілдегі көркем өнер шығармалары көрсетілді. Көрмеге қатысушылар жас кәсіби суретшілер, Қазақстан суретшілері Одағының мүшелері. Бұл көрме Қазақстанның көптеген қалаларында – Павлодарда, Семейде, Ақтөбеде, Атырауда, Костанайда, Қарағандыда болып қайтты.

Көрменің ашылу кезінде Қазақстан Республикасының суретшілер Одағының мүшесі, Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразиялық университетінің оқытушысы, осы көрменің ұйымдастырушысы  Әубәкір Анар живописьтен арт-сейшн және «Қазақ өнерінің семантикасы» тақырыбында шығармашылық сұхбат  өткізді.

Дәстүр бойынша жаңа шығармашылық туындының тұсау кесері өтті. Теміртаулық көрермендер үшін бұл Әубәкір Анардың «Менің атам Мұхтар Зиадович» картинасы.

Көрменің ашылуында 70-тен астам: қаламыздың суретшілері, «Дизайн» факультетінің студенттері,концерттік бағдарламада өз өнерлерін көрсеткен Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебінің оқушылары мен оқытушылары қатысты.

IMG 2808 IMG 2829 IMG 2831

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.