IMG 360526 ақпанда сағат 15.00-де  Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Толеранттық академия» этно – фестивалі өтті.

5 шығармашылық алаңда, өз мәдениетін жақсы білетін және сол білімдерімен қонақтарменен бөлісетін, нағыз академиктер қарсы алды.

Қатысушылар:

  • Қазақ этномәдени орталығы «Арселор Миттал Теміртау», жетекшісі Бектемирова Салтанат Жолдыбаевна.
  • Кәріс этномәдени бірлестігі «Кореяна», жетекшісі Цой Вера Алексеевна
  • Неміс этномәдени бірлестігі «Фольксштимме», жетекшісі Волкова Елена Викторовна
  • Татар фольклорлық ансамблі «Дуслык», жетекшісі Саяфарова Разия Жантемировна
  • Орыс әндерінің халық ансамблі «Берегиня», жетекшісі Гежа Светлана Камиловна.

Іс-шараға қатысушылар «Мирас» колледжінің студенттері, № 6 орыс орта мектебінің және № 2 қазақ орта мектебінің оқушылары. Бұл күні мұражай үлкен фестиваль алаңына айналды. Келген қонақтар ұлттық ерекшеліктермен, мәдениетімен танысып қоймай, олар фестивальдың белсенді қатысушыларына айналды. Қолайлы сәтті пайдаланып олар: қазақша ою салып, көрпе тігуді тамашалады, орыс халқының музыкалық аспабында ойнауды үйренді,  татар халқының тәтті тағамдарын даярлауды үйренді, кәріс халқының салт-дәстүрімен танысты,  неміс халқының ұлттық ойындарын ойнап  қызық думанға кенелді.

Іс-шараға барлығы 80-ге жуық адам қатысты.

IMG 3472 IMG 3527

IMG 3472 IMG 3527

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.