Скачать шаблон Joomla с JooMix.org

Нумизматика залында түрлі дәуірдің, түрлі елдердің тиындары мен қағаз ақшаларының жинағын көре аласыздар. Бұл жинақ мұражай қорының жәдігерлері негізінде қалыптасып отыр, оны қала тұрғыны Яковлев Александр Эдуардович 30 жылдан астам уақыт бойы жинаған өз жинағымен толықтырды. Қазір залда айырбастау қорымен бірге 1500 жәдігер бар, олар 76 елдің монетасы мен 37 елдің қағаз ақшасы.

Нумизматика залының экспозициясы бес бөлімнен тұрады. «Нумизматика - көмекші ғылым» атты бірінші бөлімде ғылыми әдебиет, монетамен ақшалардың тіздемесі қойылған. Екінші бөлім ақшаның қарапайым түрінен бүгінгі күнгі түріне дейінгі даму процесін көрсетеді. «Ақша - жинақ және төлем құралы» бөлімі өте қызық, бұл жерде адамдар ақшаны қалай сақтағанын: шұлық, сейф, амиян сияқты және т.б. заттарды көре аласыздар. «Жиналым» деп аталатын бөлім жәдігерлер саны жағынан басымдау. Орталық орында қазақстандық теңгеге арналған экспозиция. Бұл жерде 1993 жылдан бастап жарық көрген монеталар мен қағаз ақша үлгілерін көруге болады. Шектеулі тиражда шығарылған, номиналы әртүрлі күміс және алтын монеталар жинағы құнды жәдігерлерге жатады.

Жиналымның көптен бір бөлігі арнайы витриналарда және ақша шығарылымының хронологиясы мен географиясына сәйкес орналасқан. 

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн