12 қарашада Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында суретші Сергей Тороховтың жарқын бейнесіне арналған «Өздеріңді сүйіп едім...» көрмесі ашылды.

Сергей Торохов 4 жыл бұрын өмірден кетті. Қаламызда оны суретшілердің ең алғашқы «Колорит» клубының ұйымдастырушысы, осы клубтың тұңғыш жетекшісі ретінде жақсы біледі. Көп жылдар бойы металлургиялық кәсіпорында суретші – әрлеуші болып қызмет атқарды.

27 жыл шығармашылық өмірінде суретшінің қолынан майлы бояумен сыланған талай кенептер шыққан еді. Олардың көбісі жеке дара жинақшылардың қолында сақталады. Көрмеде өмірінің әр кезеңінде салған суреттері көрсетілді. Олар суретшінің сүйікті жанрында салынған – пейзаж бен натюрморттар болды.Көптеген суреттерді қонақтар бірінші рет көріп, тамашалады.

Көрменің ашылу салтанатында достары, әріптестері, қаламыздың зиялы қауымы, бұқара ақпараттық құрал өкілдері қатысты.

2015-11-12 16-12-31

2015-11-12 16-14-34

2015-11-12 16-16-07

2015-11-12 16-21-11

2015-11-12 16-11-00

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.