14 желтоқсан күні сағат 10:00-де Теміртау қалалық тарихи өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз азаматтары» атты интерактивтік іс-шара өтілді.

Іс шараға № 6 орта білім беретін мектеп оқушылары шақырылды, олар мемлекеттің негізгі «Қазақстан 2050» стратегиясы мен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы мен «Нұрлы жол» бағдарламасымен танысып, Қазақстанның 2015 жылғы атаулы мерейтойларды еске түсірді.

Интерактивтік зоналарда оқушылар көптеген жәдігерлердің арасынан Теміртау қаласында шығарылатын өнімдерді іздеп тапты; Қазақ, орыс, корей халықтарына тән ұлттық тұрмыстық заттарды анықтап, сәйкес орнына орналастырып, ұлттық киімдерді киіп көрді; қазақстандық батырларды еске түсіріп, қазіргі замандағы, бейбіт күндегі батырлары: ғарышкер Т.Әубәкіров пен болат қорытушы А.Жүнісовтың жеке заттарын қолына алып көрді.

Іс-шараның соңында, 2015 жылғы атаулы мерекелердің және мемлекеттік бағдарламалардың логотиптері бар Тәуелсіздік куәлігі тапсырылды.

IMG 0476

IMG 0497

IMG 0497

IMG 0497

IMG 0497

IMG 0497

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.