24 желтоқсанда «Арт -жаңа ашылулар» жобасының шеңберінде «Жаңашыл шырша ойыншығы» атты көрме сайыс өткізілді.

Қарашаның басында мұражай қайталанбас, жаңашыл, бірегей шырша ойыншықтарының сайысы туралы жариялады. Хабарламалар қалалық және облыстық бұқаралық ақпараттар құралы арқылы жеткізілді. Осылай көрме -сайыс аймақтық көлемде ұйымдастырылды. Қатысушыларға қиял-армандарын салып, қолдан ерекше бір ойыншық жасау талабы қойылды. Материал ретінде кез келген қолда бар затты қолдануға болатын: қағаз, мата, таспа, қамыр, моншақ, тас, шегелерге дейін.

Сайысқа 400 астам ойыншық келіп түсті, олар «Жаңашыл шебер» атағына күреседі. «Тарихы бар ойыншықтар» номинациясында 5 отбасылық жинақ қатысады. Шырша ойыншықтарының тарихы өзіміздің мұражай қорының негізінде көрсетілді.

Жеңімпаздар 2016 жылдың 15 қаңтарында үш жас арасында анықталады: 6 жастан 10 жасқа дейін, 11 жастан 18 жасқа дейін, 19 жастан және жоғары жас шамасында дауыс беру арқылы анықталады. Қатысушылардың ең кішкентайы 6 жаста, ал ең үлкені 58 жаста. Сайысқа қаламыздың шығармашыл студиялары, орта білім беретін мектептер, БЖО «Әлем», БЖО «АрселорМиттал Теміртау», өнер мектебі,мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған  мектеп интернаттар, сонымен қатар Қарағанды қаласының орта мектептері мен клуб Юнесконың № 2 өнер мектебі қатысты. Барлық қатысушылар сертификаттар алса, жеңімпаздар сыйлықтар мен дипломдарға ие болады.

 

24122015-1

24122015-1

24122015-1

24122015-1

24122015-1

24122015-1

24122015-1

24122015-1

24122015-1

24122015-1

24122015-1

24122015-1

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.