15  қаңтарда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Үш басқа» көрмесі ашылды.

Қатысушылар үшеуі бір-біріне мүлде ұқсамайтын қаламыздың атақты суретшілері:  Мустафина Хайниса, Пильтихин Юрий, Малецкая Елена.

Олар өз ісінің мамандары, сурет өнері олар үшін тек – әуес емес, олардың жұмысы, олардың өмірі. Әрқайсының өзіндік үлкен шығармашылық жолы мен бай тәжірибесі жинақталған. Суретшілер бірнеше рет аудандық және қалалық көрмелердің қатысушылары болған. Олардың шығармашылығында ерекше басым жағы ол – графика. Бейнелеу өнерінің дәл осы түрі суретшілерді бір көрмеге біріктірді.

Барлығы 60-тан астам графикалық жұмыстар арқылы, көрме қонақтары графикалық сурет өнерінің барлық мүмкіндері мен әртүрлілігін көре алды. Ұсынылған суреттердің негізгі жанры - портрет. Көрме ашылуына  «Мирас» колледжінің студенттері,  суретшілер, фотографтар, қаланың көркемөнер зиялылары қатысты.

IMG 1649

IMG 1649

IMG 1649

IMG 1649

IMG 1649

IMG 1649

IMG 1649

IMG 1649

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.