25 сәуір Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде дамуы шектелген балаларға арналған Облыстық №2 арнайы мектеп-интернат оқушыларының «Өз өмірінің жасампаздары» атты көрмесі ашылды.

Көрмеде  балалардың  қолымен жасалған 60-қа жуық сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығының туындылары қойылды. Көрермендер киізден, күйдірілген қамыр, папье-маше және т.б. технологияларды  қолданып жасаған кілемшелерді, әйелдер сөмкелерін, газеттен тоқылған себеттерді, жұмсақ ойыншықтарды, картиналарды тамашалады. Шығармашылық жұмыстар өзінің  түр-түсімен, тақырыбымен таң қалдырды. Көрменің ашылу салтанатында мектеп оқышалары концерттік бағдарлама қойды, балалардың шығармашылық жұмыстарының жасалу кезеңдері туралы көрсетілген «Шеберлер қаласы» атты бейнеролик көрсетілді.

Көрменің ашылуына қалалық мәслихат депутаты  В.В. Дроздецкий,  Сарань, Майқұдық және Теміртау қалаларының коррекциялық мектеп ұстаздары, «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері мен Тілге ауыр зақым алған балаларға арналған мектеп-интернат оқушылары қатысты.

1

2

3

4

5

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.