3 маусым күні Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Тәуелсіздік нышандары» атты іс-шара өтті.

Іс-шара «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жылдарындағы Теміртау» залында, мемлекеттік нышандар орнатылған жерде өтті. Іс-шара мемлекеттік нышандарды пайдалану ережелері, талаптары және оларды дұрыс орналастыруы туралы ақпаратты-интерактивті ойын форматында ұсынылды.  Балалар екі сайыс тобына бөлініп, берілген тапсырмаларды орындап, Қойылған сұрақтарға жауап іздеп, өздерінің ой-өрісін жарысқа салды. Барлық материалдар мультимедиялық презентация арқылы көрсетілді.

Іс-шараға қатысушылар № 15 қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары. Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар дипломға ие болды.  

IMG 6361

IMG 6403

IMG 6424

IMG 6446

 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.