10 наурыз күні Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Сплав» халық фотоклубының «Бұл жерді мен сүйемін. Таңдаулы» атты мерейтойлық фотокөрмесінің ашылуы өткізілді.

Клубтың қырық жылдық мерейтойы арналған көрмеге 18 фотосуретші қатысты. Олардың ішінде бүгінде клубтың ақсақалдары, сонымен қатар өзін енді осы салада байқап жүрген фотосуретшілер мен жас әуесқойлар да болды.

Көрмеге ұсынылған 50 сурет – авторлардың айтуынша, олардың шығармашылығындағы  ең таңдаулысы. Көрермендер репортаждық түсіріліммен қоса, классикалық фотосуреттің барлық жанрын көре  алды. Фотосуреттер тақырыбының сан-алуандығы бұл көрменің сәні де, мәні де болды.

Фотокөрменің ашылуында «Мирас» коледжінің студенттері, «Т-Арт» клубының суретшілері, қаланың өнер зиялылары болды.

13-03-2017-1

13-03-2017-2

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.