Скачать шаблон Joomla с JooMix.org
  1. Кәсiпорын қызметiнiң мәнi: облыстың көне заманнан осы күнге дейінгі табиғатын, экономикалық, саяси-мәдени даму барысын зерттеу болып табылады.
  1. Кәсiпорын қызметiнiң мақсаттары:
  • тарихи-мәдени құндылықтарды сақтауды, түгендеуді, жинақтауды, жаңғыртуды қамтамасыз ету;
  • облыс аймағында тұратын барлық халықтардың тарихи ғылымы мен өлкетану жетістіктерін, қазақтың халық шығармашылығын және материалдық мәдениетінің, тұрмысын, салт-дәстүрін насихаттау;
  • мұражай қызметі арқылы болашақ ұрпақты және тұрғындарды эстетикалық рухта, тарихи білімі мен өлкетануды насихаттау арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу;
  • ұлттық мәдени орталықтармен бірлесе отырып, облыстағы ұлттар мәдениетінің өзара баюын дамыту;
  • халықаралық мәдени шараларға, акцияларға қатысу болып табылады.
  1. Кәсiпорын қойылған мақсаттарын iске асыру үшiн қызметтiң мынадай түрлерiн жүзеге асырады:
  • қорды ғылыми жинақтау мақсатында тарихи-этнографиялық, археологиялық экспедициялар, барлауларды ғылыми іссапарлардың көмегі арқылы жүзеге асыру;
  • мемлекеттік мұрағаттарда, кітапханаларда, жеке коллекцияларда және басқа да мұражайлар қорында сақталған деректерді іздестіріп, зерттеу;
  • жергілікті тұрғындардан сирек кездесетін тарихи және этнография материалдарын іздестіру, сатып алу;
  • өндірістік орындарда, мекемелерде және оқу орындарында тарихи оқиғаларға қатысушылармен, еңбек ардагерлерімен тығыз байланыса отырып, халық арасынан деректерді жинауды ұйымдастыру;
  • тұрақты экспозицияларды жоспарлап және жылжымалы көрмелерді ұйымдастыру;
  • жұртшылықты мұражайдан тыс жұмыстармен қамту;
  • мұражайдың тұрақты экспозициялары мен көрмелерін және қор коллекцияларын пайдаланып, бұқаралық-ғылыми ағартушылық жұмыстар жүргізу;
  • тұрақты және жылжымалы көрмелерді пайдаланып, тақырыптық және жалпы шолу экскурсияларын жүргізу;
  • өлкетану жұмыстары жөнінен мемлекеттік және қоғамдық мұражайларға методикалық және практикалық көмек көрсету;
  • мектеп оқушыларына тарих сабағынан үйірмелік жұмыстар жүргізу;
  • аға буын өкілдерінің өнегелі өмірі мен еңбек жолдарын насихаттау;
  • мектеп оқушыларына арналған қызмет ету күндерін белгілеу;
  • мұражай залдары мен тарихи орындардың көрсеткіштерін, экспедициялардың есебін және мұражайдың іс-шараларын жария ететін ақпарат деректерін, өлкетану және мерейтойлардың күнтізбелерін, мектептер мен жоғарғы оқу орындарымен жүргізілетін жұмыстардың бағдарламаларын шығару;
  • жоғарғы оқу орындарындағы тарих факультеті студенттеріне мұражай ісі жөнінен практика өткізу;
  • мұражай жұмысының тәжірибесін жинақтау және қорытындылау;
  • мемлекеттік және қоғамдық мекемелермен, шығармашылық одақтармен, әскери бөлімдермен, коммерциялық ұйымдармен келісімшарттар жасау.

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн