27 қаңтар-  Астанада «EXPO - 2017» Дүниежүзілік көрменің ашылуына орай «Жаңалықтар аймағы» экспозициясы ашылды.

Экспозиция Дүниежүзілік халықаралық көрмелердің тарихы мен мән-мағынасын айқындайды. Кофр-жәшіктерде жасырылған, кезінде осы ЭКСПО көрмесінде ашылған көне жәдігерлер: кір жуғыш және тігін машинкалары, дауыс зорайтқыш пен телефон, ұялы телефон, сенсорлық экран және басқа да заттар музейге келген балаларға керемет әсер берді. Маршрут кестесі түрінде қабырғада бейнеленген ЭКСПО көрмесінің 1851 жылдан 2017 жылға дейінгі тарих жолы да өз әсерін тигізді. Бұл маршруттың әрбір аялдамасы Халықаралық көрме болған елде арнайы салынған және сол елдің нышанына айналған, имидж-павильондар немесе ғимараттың суреті болды.     

Жастар Астанада өтетін көрмеге жаңаша көзқараспен қарап, бұл көрмені адамзат өміріндегі жаңа техникалық революция деп бағалады.

13 қаңтар - «Жаңа жылға жаңа күшпен» теміртаулық суретшілердің есептік көрмесі ашылды.  

20 суртеші - 60 картина. Бұл суретшілердің өткен жыл бойы жасаған шығармашылық жұмыстың жемісі болып табылады. Көрмеге ерекше дем берген – бұл политехникалық коледждің «Дизайн» факультетінің студенттерінің қатысуы. Олар өз жұмыстарын алғаш рет жарыққа шығарып отыр. Колледж оқытушылары да өз оқушыларымен бірге көрмеге қатысты. Қатысушылардың ішінде әрдайым қалалық көрмелерге қатысып жүрген суретшілер де бар – олар «Т-арт» қалалық суретшілер клубының мүшелері.

Көрменің ашылу барысында тағы бір айтарлықтай оқиға орын алды. Ол «Креативтік жаңа жылдық сыйлықтар» сайысының жеңімпаздарын сыйлықтармен марапаттау рәсімі. Бұл сайыс қатысушыларының бәрі сертификатқа ие болды.

19 қаңтар «Қала көшелерін аралап...» жобасы аясында, Құрылысшылар даңғылының 60 жылдығына арналған «Алғашқы шығыстық» фотокөрме ашылды.

«Алғашқы шығыстық» фотокөрмесі Құрылысшылар даңғылының кішігірім ауласы ретінде көрсетілді. Ақ қағаздан жасалған - үйдің қабырғасына бекітілген тақтайша, салқын самал беретін ағаштар, кедір-бұдыр карниз – бұл сырлы сырын жоғалтса да, мәңгі қала тұрғындарының жадында қалатын Теміртау қаласының шығыс бөлігіндегі ең алғашқы даңғыл. Қағаз ауладағы үйлердің терезелері – топонимикалық, географиялық, хронологиялық тәртібін сақтай орналасқан суреттер. Бұл суреттер қала тарихында ойып тұрып орын алған Қазақстан Магниткасының құрылысына келген болгар жастары, 1959 жылғы қайғылы көтеріліс, мерекелік шерулер сияқты оқиғаларды баяндайды. Экспозицияның ашылуы Құрылысшылар даңғылының тарихымен байланысты видеохроникамен толықтырылды.

3 наурыз – ҚР Гендерлік саясатына қолдау көрсету мақсатында, «Тарихтағы әйел ролі» жобасының аясында «Ж.эволюция»  экспозициясы ашылды.

Экспозицияның ашылуына «Ж.эволюция» тақырыбы бір табан жақын болатын «Мирас» колледжінің оқушы қыздары шақырылды. Қонақтар өздерінің әжелері мен арғы апалары шаштарын қалай сәндеп әрлеген (папильоткалар, металл және резина бигудилер, қолдан жасалған плойка), бет-әлпетті әрлеу тарихын (1950-60 шы жж. шашпалы және компакт опалар, көз-кірпікке арналған бояулар) білді. Олар ең алғашқы кірпікке арналған бояудың көмір мен вазелиннен жасалғанын, опаның орнына ұн қолданғанын, ал тырнақтарын хнамен бояғанын естіді. Экспонаттар ерекше романтикалық әсер беретін ақ шатырларда орналасты, бұл шатырларға кіріп көруге болады.

Экспозицияның интерактивтік бөлімі де болды: - «Бұл не нәрсе? Ойлан тап» деген сұраққа жауап іздеп, бір қарағанда түрінен түсіне қоймайтын заттар қойылды. Ол: шиньон, ежелгі тісшұқығыш,  әтір суға арналған құты және өткен ғасырдың әйелдері қолданған басқа да заттар болды.

10 наурыз - «Сплав» халық фотоклубының «Бұл жерді мен сүйемін. Таңдаулы» атты мерейтойлық фотокөрмесінің ашылуы өткізілді.

Клубтың қырық жылдық мерейтойы арналған көрмеге 18 фотосуретші қатысты. Олардың ішінде бүгінде клубтың ақсақалдары, сонымен қатар өзін енді осы салада байқап жүрген фотосуретшілер мен жас әуесқойлар да болды.

Көрмеге ұсынылған 50 сурет – авторлардың айтуынша, олардың шығармашылығындағы  ең таңдаулысы. Көрермендер репортаждық түсіріліммен қоса, классикалық фотосуреттің барлық жанрын көре  алды. Фотосуреттер тақырыбының сан-алуандығы бұл көрменің сәні де, мәні де болды.

Фотокөрменің ашылуында «Мирас» коледжінің студенттері, «Т-Арт» клубының суретшілері, қаланың өнер зиялылары болды.

31 наурызда «Фотографика» атты Анна Трушкованың жеке көрмесі ашылды.

Көрменің ашылуы дәстүрлі таспаны кесумен, салтанатты түрде ашылды.

Келушілердің назарына Анна 50 авторлық суреттері мен 20 графикалық көркем суреттерін ұсынды. Автордың шығармашылық тәжірибесі өте мол және жан-жақты, соның арқасында суретші әртүрлі жанрда, репортаждық және қойылым түріндегі де суреттер көрсете алды.

Ашылу барысы ерекше түрде өтті. Фотосуретші көркем сурет жасау үшін натюрморттың композициялық орналасуы жайында шеберлік сағат өткізді.

18 сәуірде «Уақыт тынысында» жобасының аясында «Теміртаудың жаңа брендтері» атты экспозиция ашылды.

Экспозицияда Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында қалыптасқан орта және кіші бизнем мекемелері туралы баяндалды.  Бұл кәсіпорындардың өнімі – табиғи тастан, фибробетон, цемент, изоляция материалдары, косметикалық сабын бұрын соңды Теміртауда өндірілмеген болатын, сондықтанда бірінші реет музей экспозициясында көрсетілді. Өз өнімдері мен қызметі туралы КК "Гранит", ЖШС "Анли", АҚ "Карцемент", ПКП "НиМ", ЖШС "Арт-потолок", ЗТМ "Эко-терм" өкілдері сөз қозғады. Көрменің ашылуына қаламыздың жоғары оқу орындарының оқушылары мен БАҚ өкілдері шақырылды.

20 сәуір Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде ҚР суретшілер одағының мүшесі Осипенко Андрей Ивановичтың 90-жылдығына арналған «Кенепте белгіленген жан» атты еске алу көрмесінің ашылуы өткізілді.  

«Туған жер» атты бағдарлама аясында музей көрушілер үшін Теміртаудың жоғары дәрежелі суретшілердің өнерін ұсынды. Көрмеге келген Г.Жұбанов атындағы оқушылар мен мұғалімдер Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музей қорындағы және балалар мен жасөспірімдер Театры музейінің қрындағы А.И. Осипенконың суреттер жинағымен танысты. Көрме өнер қызметінің әр иүрлі уақыт бойы жасалған 36 кенептен тұрды. Бұл автор 10 жыл бас суретші болып қызмет атқарған Неміс драма театры спектакльдеріне жасалған декорациялар, библиялық тақырыпқа арналған көркемөнер картиналар, графикалық портреттер, әлеуметтік тақырыптағы әр түрлі бейнелі кенептер.

5 мамыр Әскери-патриоттық іс-шаралар аясында Отан қорғаушылар күніне орай қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Қорғаушылар» экспозициясы ашылды.

Бұл экспозиция Теміртау қаласында құрылған әскери бөлімшелердің көмегімен жасалды.

Эскпозицияның фоны ретінде, Қазақстанның Қарулы Күштерінің арнайы киімдерін, әбзелдерін, жабдықтарын толықтырған, бүркеу торы болды. Алғаш рет қала тұрғындары әскери далалық және парадтық киімдерді, қазақстандық жауынгердің құрғақ азық үлесі неден құралатынын, затқапшықта не болатынын, қорғаныс костюмдер, қару –жарақ пен патрондар сақталатын жәшіктердің түрлерін көре алды. Экспозиция үш бөлімге бөлінді: ҚР Қарулы күштерінің тарихы, Теміртау қаласының әскери ұйымдарының пайда болуы, 55524 және 5516 әскери бөлімшелері, Теміртау қаласының төтенше жағдай басқармасы, және ҚР ҚР әскери қызметкерлерінің әбзелдерінен құралған инсталяция.

18 мамыр – Халықаралық музей күніне арнайы, «Жәдігер салтанаты. Сәнді алаң» музейлік мереке аясында «Комодтан шыққан сән» атты экспозиция өткізілді.  
Басты экспозициялық- сайыс алаңында - көрме залында, музей қорының киімдер жинағы ұсынылды. Экспозиция этнографиялық, тарихи, және мамандыққа байланысты киімдерден құралды. Қор жинағы арқылы көрушілер ХІХ ғасырдың соңынан қазіргі кезге дейінгі қоғамдық өмірдегі киім мен моданың өзгерісін, оған әлеуметтік-тарихи құбылыстың әсерін байқай алды. «Комодтан шыққан сән» сайыстық-конкурстың да киім үлгілері көрсетілді. Сайыс «Тарих айнасында», «Art-fasion», «Эко-мода» атты үш номинацияда өтті. Сайысқа Теміртау мен Қарағанды қаласының шығармашылық және көркем студиялары, орта мектептер, сонымен қатар басқа да тұрғындары қатысты. Қатысушылардың бәрі сертификат алды, ал жеңімпаздар сыйлықтар мен дипломдарға ие болды..

28   мамыр -  Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арнап «Тоталитаризм кезеңі менің отбасымның тарихында» жобасы аясында «Террор құрбандары. Майжоловтар отбасы»

Музейде алғаш рет Майжоловтар отбасы мұрағатының бірегей құжаттары көрсетілді. Бұл құжаттар сталиндік қуғын сүргін кезіндегі бір ғана отбасының қасіреті емес, сонымен қатар Алаш орда идеясын құптаған барлық қазақ интеллегенциясының қайғы қасіретін көрсетеді. Экспозиция қазақ даласының графикалық бейнесінде орналасқан.  Бірінші бөлім «Алаш» партиясының ұйымдастырылуы мен қызметіне арналса, екінші бөлім хаттамалардың үзінділеріне, ақталу туралы анықтамаларға, 1937 жылы ату жазасын алған Мүбарак Майжоловтың, 10 жылға еңбекпен түзету лагеріне сотталған Майжолов Хасенбектің,   жазасын АЛЖИРде өтеген Майжолова Вазипаның өмірбаяндарына арналад. Бқл бөлімдердің ортасында түрме есігі тұр. Оның бақылау тесігінен НКВД жендеті көрінеді. Экспозицияны көрушілер өздері сол сталиндік қуғын сүргінге ұшыраған мыңдаған қазақтармен бірге камерада отырғандай әсер алады.

15 маусымда Теміртау қаласының мәдениет Сарайында медицина қызметкерлерінің күніне арналған «Ақ халатты жандар» атты экспозиция ашылды.

Теміртаулық медицина тарихы сонау  1905 жылдан алғашқы пикет ауруханасынан басталып, бүгінгі емханалар мен стационарларға дейін созылады. Медицина мекемелерінің қалыптасу тарихын ескі суреттерден, дәрігерлердің естеліктерінен, музей жеке қолда сақталып қалған жәдігерлер арқылы білуге болады. Осының бәрі ескі ақ қара бейнефильм сияқты Теміртау қаласының мәдениет Сарайында көретілді. Бұл жерде келушілер қабылдау бөлмесіне тап болғандай сезініп, стерилизациялау мен лаборатоиялық жабдықтарды көре алды. Экспозицияны 560 адам көрді.

22 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85-жылдығына арналған «Туған өлкенің  мәңгілік мұрасы» атты Қарағанды облысы музейлерінің апталығы өткізілді.

Бұл жобаны бірінші болып «Теміртау – Железная гора» (Теміртау тарихы инсталляция арқылы) экспозициясымен Теміртау тарихи-өлкетану музейі бастады.  Теміртау тарихи-өлкетану музейінің көпжылдық жобалары нәтижесінде туындаған  ең үздік экспозициялық идеялар арқылы кеңістік-визуалдық түрде Теміртау қаласының қалыптасуының тарихи кезеңдері баяндалды.

Бес экспозициялық бөлім қала тарихында орын алған  маңызды оқиғаларды көрсетеді. Тоталитаризм кезеңінен бастап кішігірім Самарқанд кенті, сталиндік қуғын-сүргін торлары мен стахановшылар жеңісінен шырматылып, болашақтағы өнеркәсіп орталығы  –  Теміртау қаласына айнала бастаған тарихы.    

Жаппай- көпшілікпен жұмыс

6 қаңтар – ҚР білім беру саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында, «Музей бәрі үшін» жобасының шеңберінде мүмкіншілігі шектелген балаларға арнайы «Ежелгі өнер – петроглифтерден балбалға дейін» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шараға есту қабілеті нашар және мүлдем естімейтін мүгедек 6 бала, 4 ата-ана және Теміртау саңыраулар Үйінің 2 өкілі қатысты.

Іс-шара барысында балалар ежелгі адамдардың өнерімен – жартасқа салынған суреттер-петроглифтармен, керамикамен, тас мүсіндер балбалдармен танысты.

Әрбір өнер түрі жеке қарастырылды.

Петроглифтердің, не үшін пайда болғаны және олар қалай жасалғаны туралы баяндалып, Тамғалы шатқалынан табылған, Археология залында орналасқан релефьтік кесінділердің үлгісінде көрсетілді. Балалр өздері де тақтайшаларда осындай петроглифтер салып көрді. Бұл жай суреттер емес, бұл суреттерге қарап болашақтың балалары бүгінгі 2017 жылғы күннен хабар ала алатындай суреттер болу керек болды.

Келесі кезеңде балалар қола дәуірінің  қыш құмыралары- залдың экспонаттарының үлгісінде керамика туралы түсінік алды, саз тақтайшаларда таяқшалармен өздері де ою-өрнек салып көрді. Балалр салған суреттер қиял жетелеген бос тақырыпта болды.

Келесі кезеңде балалар ежелде адамдар не үшін тас мүсіндер жасап, оны қандай мақсатта қолданғандары туралы баяндалды. Археология залындағы диарамадан балбалдар үлгісімен танысты. Өздері де сазбалшықтан тас мүсіндер жасап көрді.

Іс-шара ата-аналармен балалардың жоғары деген бағасын алды, сонымен қатар Е.А. Лахноның «Индустриальная Караганда» газетінде «Дети лепят балбалов» атты мақаласы шықты.

14 ақпанда «Батырлыққа әрқашанда орын бар» атты интернационалист-жауынгерлердің қатысуымен дискуссиялық клубының отырыс өтті.

Клуб отырысының тақырыбы теміртаулық интернационалист-жауынгерлердің тағдыры болды. Отырыс барысында Ауған жеріне Кеңес әскерлерінің не мақсатта кіргізілгені, сонымен қатар, «интернационалдық борыш», «мемлекет саясатын қолдау» деген сияқты түсініктер талқыланды. «Заманау өмірде де ерлікке орын бар» тақырыбы қатты қызығушылық тудырды. Клуб отырысында 30-дан астам адам қатысты. Олар интернационалист-жауынгерлердің бірлестігінің өкілдері, №24 мектеп оқушылары мен оқытушылары.

23 ақпан күні Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жариялаған Алғыс білдіру күніне орай «Тарих солай шешті» іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға келген қонақтар мен «Мирас» коледжінің студенттері Қазақстанға жер аударылған адамдардың тағдырымен экспозициядағы құжаттар мен фотоматериалдардың негізінде танысты. Бірегей құжаттар арасында жер аударуды растайтын сот шешімдері, саяси-қуғын сүргін орын алды деген шешім, ақталу анықтама қағаздары болды. 30-шы жылдардағы бұрындары жарық көрмеген фотоматериалдар ұсынылды. Тағдыр тәлкегіне түскен бұл адамдардың естеліктері ерекше әсер тигізді. Жер аударудың тигізген зардабы- сан арқылы арнайы жасалған вагондарда жазылды. Сол вагондар тарих жолымен кешегі қайғылы кезеңге әкеткендей көрініс берді.

 Іс-шара барысында «Земля обетованная» және «Корейцы благодарят казахский народ» атты документалды кинохроника көрсетілді.

1 наурыз - Қалалық Кеңес ардагерлерінің  30-жылдығына орай «Тарихты сақтаушылар» экспозициясының ашылуы өткізілді.

Бұл іс-шара 80-ге жуық адам жинады. Олардың ішінде Теміртау Қалалық ардагерлер Кеңесі, Теміртау жастар клубының волонтерлік орталығы, №6 мектеп оқушылары. Ән айтылып, өлең оқылды, әсіресе ардагерлердің «Жауыртау», «Надежда» сияқты шығармашылық ұжымдарының орындауындағы әндер жан тебірентті. Қалалық мәслихат депутаты С.В. Урываев, Теміртау қаласының ішкі істер саясаты бөлімінің басшысы Д.Н. Жүнісова, қалалық тарихи-өлкетану музейінің директоры Теміртау Қалалық ардагерлер Кеңесінің төрайымы Н. Вахитоваға алғыс сөздерін айтты.

Музейлік экспозицияда алғаш рет Қалалық Кеңестің өткен тарихы мен қазіргі күндегі өмірі көрсетіліп қана қоймай, онда ұйымның негізін қалағандардан бастап, қаланың ардагерлері музейге сыйлаған бірегей заттық экспонаттар қатары ұсынылды.

Қаламыздың жастары мен ардагерлері бір-бірін қалай түсінетіндігін сынау мақсатында қызықты ойын өткізілді. Іс-шара соңында қонақтарға естелік ретінде арнайы басылып шығарылған күнтізбелер таратылды.

14 наурыз - Наурыз мерекесі қарсаңында «Көктемде айтылған ертегі» білім беру бағдарламасының аясында «Қуыршақтар көрінісі» атты жаңа жобаның тұсаукесері өтті.

Қарашаш пен Айбатыр есімді қуыршақтар жүргізген экскурсияны қаламыздың оқушылары тамашалады. Музей қабырғасында экскурсияны қуыршақтардың жүргізуі жаңадан енгізілген қызмет түрі. Наурыз мейрамын тойлауымен байланысты салт-дәстүрлер туралы әңгімелеп, тіпті көрсетіп те берді. Қуыршақтар қонаққа келген балаларға мерекелік дастархан жайып, дәстүрлі наурыз тағамдарын ұсынып, қызықты ұлттық ойындарын ойнады.

28 наурыз – «Жан қалауы» атты қала әкімінің номинациясының тағайындалғанына 5 жыл толуына байланысты кездесу сұхбат.  

Іс-шараның басты кейіпкерлері Теміртау қаласы әкімінің алтын төс белгісімен марапатталған, медицина, мәдениет, спорт және білім беру саласының азаматтары шақырылды. Олар: жаттықтырушы Косулина Я., балалар хирургы Маловичко И., Т. Әубәкіров атындағы гимназия директоры Урываев С., балалар және жасөспірімдер театрының актері Хомутов В.  Бұл өз істерінің шеберлерімен танысуға болашақта өз мамандығын айқындайтын мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Кездесудің басты тақырыбы кәсіби біліктілік қана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының, оның ішінде Теміртау қаласының тарихын бейнелейтін отбасылар естеліктері де болды.

11 сәуір күні Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде ғарыш күніне Константин Циолковскийдің, Сергей Королевтің, Валентина Терешкованың мерейтойларына арналған «Алға басу кезеңі» іс- шара өткізілді.

Іс-шараға шақырылған №6 мектеп оқушылары, олармен бірге, ғарыштық мультимедиялық саяхатқа аттанды.  Саяхаттың басты мақсаты – ғарыш адамзатқа не берді деген сұраққа жауап табу. Ол үшін іс-шара барысында оқушыларға «Қара қораптың құпиясы?» ойыны ұсынылды.  Қорапта балалардың бүгінде көріп жүрген заттары жасырылған, бірақ сол заттардың ғарышпен байланысты екенін тіпті де сезбеген. Өздері үшін қызықты жаңалықтар ашып, таң қалды. Өйткені, телефон, сымсыз гарнитура, суды тазалайтын фильтр,  ғаламтор, сыдырма және жабысқақ ілгіштер, термокиім сияқты заттар негізінде ғарыш саласына арнап ойлап табылған.

Саяхат барысында оқушылар адамзат үшін ғарышты ашып берген, сол ғарыштың керемет мүмкіндіктерін біздер үшін қолжетімді еткен тұлғалардың тағдырымен,  ғарыш тарихымен танысты. Іс-шара соңында музейдің  ғылыми қызметкерінің : «Бізге ғарыш қажет пе?» - деген сұрағына, балалар бірауыздан «Иә!»- деп жауап берді.

18 сәуірде «Уақыт тынысында» жобасы аясында «Бүгінгі индустриалдық Теміртау» атты экспозиция ашылды.  

 Бұл экспозицияның шеңберінде Теміртаудың жаңа брендтеріне арналған үлкен іс-шара өткізілді. Жаңа кәсіпорындардың басшылары қала тұрғындарымен кездесіп өз жұмыстарының қиындығы мен жақсы жақтары туралы сұхбаттасты.  

27 сәуір қалалық тарихи-өлкетану музейінде  Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне орай «Ұлттық костюм тарихы» жобасының аясында «Дирндильден трахтқа дейінгі неміс костюмінің тарихы» атты іс-шара өткізілді.

Жыл бойы музей неміс киімдерінің тарихы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді. Нәтижесінде костюм тігілді. Жарты жылдық жұмыстың жемісін бірінші болып «Мирас» колледжінің студенттері көрді. Музейде өткен іс-шараның қатысушылары неміс халық костюмінің құпиясын анықтауға тырысты. Мультимедиялық түрде өткен іс-шара Германия халқы костюмінің тарихи қалыптасқан дәстүрлерімен  толық таныстыруға мүмкіндік берді. негізінде қалыптасқан дәстүрлі костюмін толығымен көрсете алды. Ал «Фольксштимме» неміс этномәдени ұйымы өкілдерінің қатысуымен ұлттық костюмдерінің дефиле түрінде көрсетілуі - осы неміс халық киімінің тарихи және заманауи бет-бейнесін жеткізуде зор әсерін тигізді.

4 мамырда ҰОС Жеңісіне арнайы «Ешкім де, ешқашанда ұмытылмайды» атты ақпараттық – патриоттық бағдарлама жаңа бағыт алды.

Бірегей өлкетану материалдарының негізінде Республиканың және Самарқанд кентінің соғыс жылдарындағы тіршілігі туралы әңгіме қозғалды. Біздің жерлестеріміздің қазасы мен ерен еңбегі, майдан мен тылдағы ерлік пен қасірет – Отан тарихында өшпес із қалдырды. Біздің міндетіміз әрқашанда осы ерлікті жадымызда сақтап қалу. Іс-шара мақсаты – сананы сансыратар соғыс туралы ғана айтып қоймай, сол соғысқа әрбір келушінің отбасының бір мүшесі қатысып, Ұлы Жеңісті бір табан жақындатуға ат салысқанын айтып, мақтаныш ояту.  5516 әскери бөлімшенің жауынгерлері экскурсия жүргізушінің әңгімесінен жігерленіп, өз аталарының Ұлы Отан соғысы кезінде тылдағы немесе майдандағы ерлігі туралы ой бөлісті.

4 мамыр Әскери-патриоттық іс-шаралар аясында Отан қорғаушылар күніне орай қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Отан қорғауда. Патриотизм: кеше және бүгін» атты іс шара өткізілді.

Іс-шара Ұлы Отан соғысында және Ауғанстанда интернационалдық борышын орындаған қазақстандықтарды еске алу және  бір минут үнсіздікпен басталды.

Іс-шара қонақтары Теміртау қаласының қорғаныс істер жөніндегі Басқармасының өкілі  С.Ж.Ашиков, 55524 әскери бөлімшесінің ІІ дәрежелі сержанты Б.Т.Балғабаев және 5516 әскери бөлімшесінің рота командирі капитан Ш.Р.Мурталимов қазіргі заманауи қазақстандық армия туралы әңгімелеп берді. 5516 іскери бөлімшесінің әскери  қызметкері Дулат Халыковтың жедел әскери қызмет пен әскери күн тәртіп туралы әңгімесі ерекше қызықтырды. Политехникалық колледждің студенттері Отан қорғаушыларымызды мерекемен құттықтап, гүлдер сыйлады.

18 мамыр күні қалалық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық музейлер күніне арналған «Жәдігерлер салтанаты. Сән алаңы» атты іс-шара өткізілді.

Бұл жылғы салтанатты іс-шараның бейнесі киім болып, оның айналасында негізгі шаралар жүргізілді. Музейде әр түрлі залда оранласқан 8 өнер тақырыбында тематикалық алаңдар жұмыс істеді. Басты алаң – Көрме залында – Экспозициялық-сайыс, ол жерде музей қорының жинағынан киімдер ұсынылды. Экспозиция этнографиялық, тарихи, және мамандыққа байланысты киімдерден құралды. Қор жинағы арқылы көрушілер ХІХ ғасырдың соңынан қазіргі кезге дейінгі қоғамдық өмірдегі киім мен моданың өзгерісін, оған әлеуметтік-тарихи құбылыстың әсерін байқай алды. «Комодтан шыққан сән» сайыстық-конкурстың да киім үлгілері көрсетіліп, жүлделі орын алғандарға сыйлықтар мен дипломдар берілді.

Мерекенің қонақтары мен қатыушылары «Силуэт» мода театрының және Қарағандылық дизайнер Жангүл Ибраеваның «Эко-мода» ұсынған жинағын тамашалай алды. Сонымен қатар Г.Жұбанов атындағы өнер мектебі оқушыларының батик техникасындағы орамалдарға жасалған көркем суретін жасаған шеберлік сабағында болды. Қалаушылар өздерін дизайнер, стилист, тігінші ролінде сезініп, киім тарихы бойынша ойын бағдарламасына қатысты.

Мерекеге шамамен 150 адам қатысты – қаланың мекетеп оқушылары, колледж студенттері мен қала тұрғындары. Ал құрметті азаматтар Теміртау қаласының қоғамдық Кеңес өкілдері мен Кеңес ардагерлері Карлаш В.П болды.

1 маусымда Мектеп жанындағы лагерь балаларына арналған интерактивтік-танымдылық «ЭКСПО музейде» атты ойын өткізілді.

Бұл интерактивті экскурсияның басты мақсаты Қазақстанда халықаралық көрменің өткізілуі болы, сндықтан музей қала тұрғындарын сол көрме тарихымен таныстыруды жөн көрді. Экскурсияның басында балаларға желгенераторы көрсетіледі, олардың міндеті осы желгенераторын іске қосу. Бірақ ол мүмкін емес, өйткені оның қалақшалары жоқ. Балалар әр түрлі тапсырмалар орындап, дұрыс жауап беріп, сол қалақшаларды тауып әкелу керек. Әр залда олар жәдігерлер жасырылған жәшіктермен танысты. Бұл жәдігерлер кезінде,  1851 жылдан бүгінгі күнге дейін, осы халықаралық ЭКСПО көрмесінде ашылған болатын.  Экскурсиялар 1 маусымнан 14 маусымға дейін жүргізілді. Экскурсияны тыңдаушылар саны 500 адамға жетті.

2 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің  25 жылдығына арнайы «Абырой, айбын, даңқ нышандары» атты іс-шара өтті.

Іс-шара «Қазақстан халықтарының бірлігі» залында мемлекеттік тілде өтті. Іс-шара мемлекеттік нышандарды пайдалану ережелері, талаптары және оларды дұрыс орналастыруы туралы ақпарат интерактивті ойын форматында ұсынылды, танымдылық бейнефильмдер көрсетілді.  Іс-шараға № 4 ЖББОМ  3-4 сынып оқушылары қатысты.  Топтық ойын ұйымдастырылып, балалар берілген тапсырмаларды, ребустарды, анаграммаларды шешіп, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, өздерінің ой-өрісін жарысқа салды. Барлық материалдар мультимедиялық презентация арқылы көрсетілді. Шара соңында оқушыларға Алғыс хат тапсырылды.

8 маусымда Қоршаған айналаны қорғау күніне жәнеХалықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналған «Музей қалашығы» өтті.

Алты сағат бойы қалашық қонақтары  -  мектепке қарасты лагерь балалары, балабақша балалары, репетиторлық орталықтар және басқа да жеке басты адамдар жыл сайынғы музей қалашығының өонақтары болды. Олар МТК музей теледидарының телевизиондық бағдарламаларды бейнелейтін 12 шығармашылық алаңды аралады.  Бұл телебағдарламалар интеллектуалдық, спорттық, көркемдік, бағытта әр баланың шығармашылдық көрсетуге мүмкіндік беретіндей етіп жасалған. Ойын түрінде балалар бірегей жәдігерлермен танысып, қала тарихы, этнография, археология, туған өлке табиғаты туралы ақпарат алып, ой өрістерін кеңейтті.

Барлық жоғы Музей қалашығына 1000 нан астам адам қатысты.

19 маусымда Музейлік педагогика бағдарламасы бойынша мектеп жанындағы лагерь балаларына арналған интерактивтік-танымдылық квест «Музей қоймасы» өткізілді.

Бұл экскурсияның басты мақсаты балаларды музей қорымен таныстыру. Квест төрт бөлімнен тұрды. Олардың әрқайсында ойын түрінде әр түрлі тапсырмалар күтіп тұрд. Балалар сол тапсырмаларды орындап, қызықты жәдігерлер көріп, олардың тарихи құндылымен танысты. Экскурсияға келушілер саны 600  ден  астам адам болды.

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн