2017 жылдың 19 қазанында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №1 Қарағанды мемлекеттік аудандық электростанциясының 75 жылдығына орай экспозиция ашылды.

Экспозицияның негізінде биікке бой көтерген жасанды электр беретін құрылғылар орнатылды. Электр беретін құрылғылар тіреуіштерді бір-бірімен жалғап тұрды. Ал тіреуіштер 1942 жылдан бүгінгі күнге дейінгі бұрыннан жұмыс істейтін электрстанциясының құрылысы мен дамуын көрсететін витриналардың ролін атқарды.  Әрбір тіреуіште музей қорынан алынған бірегей суреттер мен құжаттар ұсынылды. Олардың кейбіреуі бірінші рет жарық көрді. Бұл материалдар теміртау қаласындағы ең алғашқы кәсіпорынның алғашқы құрылысшылары туралы және қандай кұшпен салынғаны туралы баяндады. «Ильич шамы» және басқа да электрмен байланысты жәдігерлер көрсетілді.

Ашылу салтанатында ҚарМАЭС-1 ардагерлері Семиониди  И.С. және Баублис В.А. мен болашақ электриктер Қаламыздың Политехникалық колледж студенттері қатысты.

Қонақтарға экспозицияның көркемдік шешімі мен тарихи мазмұны  өте зор әсер берді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.