2 ақпанда "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы, «Ұрпақтардың жанды байланысы» жобасы аясында Теміртау қаласының Құрметті азаматы, алғашқы құрылысшылардың бірі Үкен Тұрмағамбетовке және Қазметаллургстрой трестінің 75 жылдығына арналған «Тасқалаушы туралы поэма» атты еске алу-кездесу кеші өткізілді.

Теміртау қаласының тарихы залының «Еске алу» бөлімінде өткен іс-шара ерекше әсер берді. Бұл бөлімнің экспозициясында көрсетілген жәдігерлердің көптен бір бөлігі Тұрмағамбетовтер отбасының жеке заттары. Суретші М.С. Подлесных салған, қала тұрғындарына танымал құрылысшының бейне портреті экспозицияда ерекше орын алды.

Ү. Тұрмағамбетовтың адами қасиеттері туралы, ерен еңбегі туралы тас қалаушының қызы Қалия Үкенқызы баяндады. Бұл естеліктер Қазақ телевидениесі түсірген тарихи хроникалар мен документалды бейне фильмдермен сүйемелденді. Іс-шараға Қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшелері мен политехникалық колледждің құрылысшы мамандығына оқып жүрген студенттері қатысты.

 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.