2018 жылдың 14 ақпанында Теміртау қаласының нашар еститін және саңырау жандарға арналған мәдениет Үйінің 40 жылдығына арналған «Ымдау» экспозициясы ашылды.

Экспозиция екі бөлімнен тұрды: біріншісі Теміртау қаласының саңыраулар мәдениет Үйінің тарихын баяндайтын сурет-құжаттар көрсетілген тарихи бөлім.

Екінші бөлімде шексіз шығармашылықтың нышаны ретінде орналасқан колонналар. Бұл колонналарда сөйлеу және есту қабілеті нашар жандар бас қосатын мекеменің заманауи қызметі және клубқа келушілердің шығармашылық қолөнер бұйымдары көрсетілді. 

Музей жұмысының практикасында алғаш рет «Ымдау» деген экспозиция тақырыбы  - дактиле – саңыраулар тілінде жазылды.

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында, Теміртау қаласының нашар еститін және саңырау жандарға арналған мәдениет Үйінің 40 жылдығына арналған іс-шара өтті.

Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі дайындаған тарихи экскурс іс-шараның ерекше бөлімі болды. Теміртау қаласының саңыраулар мәдениет Үйінің пайда болу және даму тарихы – бұл ұзақ уақыт бой облыстық және қалалық архивтерде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі. Музейден сыйлық ретінде ерекше «Ымдау» атты тарихи экспозиция ұсынылды.

Облыстық мәдениет департаментінен, Теміртау қаласының әкімшілігінен, Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен, қаламыздың шығармашылық ұжымдарынан құттықтау сөздер айтылды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.