23 ақпанда, "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында, «Сплав» халық фотоклубының - "Фотоаңшылық" есеп беру көрмесі ашылды.

Неше жылдан бері осы клубтың мүшесі болып келе жатқан С. Кочмарев, С. Козодеров, А. Ворожев, А. Литовченко, В. Лазариди және басқа да фото ісінің майталмандары, өз ісін енді бастап келе жатқан жастар қосылып 50-ден астам түрлі жанрдағы туындылар ұсынды.

Бірінші рет, «Сплав» мүшелерінің өлкеміздің тарихи шежіресін фотосуреттер арқылы жеткізіп отырған зор еңбегі көрменің музейлік қырынында көрсетілді.  Экспозицияда Теміртау тарихи-өлкетану музейінің негізгі қорының «Бейнелеу өнер» бөлімінің біршама фотожәдігерлері орын алды. Бұл жерде орналасқан суреттердің өзіндік тарихи және көркемдік құндылығы бар, олар музейге авторлардың ықыласымен сыйға берілді.  

Тарихи құндылықты сақтау, музей қорын толықтыру – «Сплав» фотоклубы мен қалалық музейдің біріге, мақсатты түрде, атқарып келе жатқан көпжылғы жұмысының нәтижесі.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.