2018 жылы 1 наурызда сағат  16.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде  Алғыс айту күніне арналған "Жүрек жылуы" жобасының ашылды.

«Жүрек жылуы» жобасының аясында «Менің екінші отаным» атты экспозицияның ашылуы өтті. Экспозиция 1937 жылы, алғашқылардың бірі болып, күшпен жер аударылған бес кәріс отбасының тарихын баяндайды. Олардың ұрпақтары ұсынған суреттер, құжаттар, жеке заттары экспозицияның негізін құрады.

Іс-шараның құрметті қонақтары әрі қатысушылары ретінде Цхай Мария Михайловна (Балалар ауруханасының бас дәрігері болған), Цхай Эрих Валентинович ("Испат-Кармет" орталық технологиялық лабораториясы басшысының орынбасары қызметінде болған), Ню Элла Черсановна (Теміртау қаласындағы  кәрістердің "Кореяна"  этномәдени бірлестігінің алғашқы жетекшісі болған),  Цой Вера Алексеевна (Теміртау қаласындағы  кәрістердің "Кореяна"  этномәдени бірлестігінің жетекшісі) шақырылды. Олар, Қазақстан екінші отанына айналған, туғандарының қайғылы тағдыры туралы әңгіме қозғады.   

Кездесуге келесі қонақтар шақырылды – ішкі саясат бөлімінің бас маманы Аимбетова Әсемай Мұратовна, «Еңбек Даңқы» орденінің кавалерлері Захаров Сергей Германович және Ибраев Мұрат Қажыкәрімұлы, Политехникалық колледждің студенттері, "Кореяна" этномәдени бірлестігінің өкілдері.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.