Теміртау тарихи-өлкетану музейі астанамыздың 20 жылдығы қарсаңында, мектеп жанындағы лагерлерде демалатын балаларға арнап, «Астананың жоғалған сыйлығы» атты интерактивтік-танымдық  квест ұйымдастырды.

Бұл квест форматында өткізілетін іс-шарада интеллектуалдық тапсырмалар шешіліп, жәдігерлермен жұмыс жасалады.

Музей залдарында әр түрлі уақыт аралығын көрсететін бес локация орналасқан. Әр топқа, сыйлықтың бөліктері ұшып кеткен жылдарды көрсететін уақыт шкаласы беріледі.Олар осы шкала бойынша жүріп отырып, әр түрлі ғасырларда болып, тапсырмалар орындап, сыйлықтың бөлшектерін жинайды.

Бірінші локацияда мыңдаған жылдар бұрын орта ғасырларда Астананың  орнында болған Бозоқ қалашығы туралы айтылады. Оның атауын археологиялық қазба жұмыстарын жасай отырып табады. Балалар құмнан құмыраның бөлшектерін қазып алып, бөлшектерден Бозоқ деген сөзді құру керек.

Келесі локация 1830 ғасырдағы Ақмола қаласы. Тарихи анықтама алған соң, балалар жұмбақтар шешіп, сол жұмбақтардың жауабында жасырынған заттарды тауып, осы локацияда орналасқан жәрмеңкеге жинайды.

Үшінші локацияда 1963 жылға тап болады. Бұл жерде Целиноград қаласы, тың игеру туралы әңгімеленеді.  Ұсынылған азықтардың ішінен нан пісіруге қолданатындарын таңдап алып, сазбалшықтан түрлі тоқаш-нан жасайды.

Төртінші локация 1990 жылдарға арналады. Қазақстанның астанасының ауысуы туралы, атауының өзгеруі туралы ақпарат, құжаттар көрсетіледі.

Үлкен экраннан балалар заманауи астанаға байланысты тапсырмалар орындайды: Астананың таңбасын, қандай қоғамдық көліктің ол жерде жүрмейтінін, Көптеген көркем нысандардың ішінен «Қазақ елі» монументін  анықтайды.

Бесінші локацияда балалар командаға бөлініп, дөңгелек құрсауға кіріп, үш бағытта аттанады. Жолдар әр түрлі тапсырмаға алып келеді: пазл жинау, ребус шешу, астанамыздың көрікті нысандарын анықтау. 

Әр локацияда балалар сыйлық алады. Барлық локациядан өткен соң, осы бөлшектерден сыйлық – Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінің эмблемасын – жинайды.

tm 25 06 2018 2tm 25 06 2018 3

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.