2018 жылдың 7 қыркүйегінде сағат 15.00-де Теміртау қалалық тарихи өлкетану музейінде «Ғажайып бояулар әлемі»  атты Ғ.Жұбанова атындағы өнер мектебінің, 40 жылдығына арнайы, оқытушылары мен оқушыларының көрмесі ашылды.  

Теміртау қаласында өнер мектебі 1978 жылы ашылды. 17 жыл бойы жұмыс істеген соң, №1 Балалар музыка мектебімен бірігіп, Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебі деген жаңа мәртебеге ие болды.

Осы жылдарда мектеп қаншама түлектер шығарды. 18 жыл бойы ең үздік шығармашылық туындылар тарихи-өлкетану музейінде көрсетілді. Биылғы жылы 112 түлек мектепті тәмәмдап отыр. Бүгін көрме залында мектептің үздік оқушыларының 70-тен астам шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Майлы бояумен салынған суреттер, гуашь, акварель, графикалық жұмыстар, академиялық суреттерден майлы пастельге дейін, сәндік коллаждар, ағаштан ою түрінде жасалған туындылар өздерінің орындалу техникасы мен жанр жағынан сан алуандығымен зор әсер берді. Әсіресе, ерекше көзге түсетін бұл Ю.В. Соловьевтың жетекшілігімен, түлектердің қолынан шыққан мүсіндік композициялар. Музейге келушілер өмірден алынған тұрмыс-тіршілік көріністерін, ертегі кейіпкерлерін, жұмбақ фэнтези және құпияға толы ғарыш әлемін көре алды.

Биылғы оқу жылының дипломдық жұмыстары Соловьёва С.П, Сотник А.Я Карягина Е.С. и Градова Э.О, Пашкова Н.М., Пак И.Я, Рязанова В.Г., Самарцева Н.Д. сияқты оқытушылардың жетекшілігімен орындалды.

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн