2018 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 12.00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейінде, Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесінің 20 жылдығына арналған, «Тіл академиясы» атты ашық іс-шара өткізілді. 

Бұл іс-шараға №8 қазақ орта мектеп оқушылары қатысты. Олар ХIХ ғасырдың арабша жазылған Құран кітабы, ХIХ ғасырдың шіркеу-славян тілінде жазылған Евангелие, 1938 жылғы латын қарпін қолдана отырып толтырылған Жаңабергеновтың куәлігі мен мандаты, араб өрме жазуы басылған күміс монета дирхем сияқты бірегей жәдігерлер көре отырып, ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тілдің қалыптасу процесін, қазақ жазуының петроглифтан бастап, түркі руналық хаттардан бүгінгі латын қарпі негізіндегі қазақ әліпбиінің тарихын зерделеді. Мүмкіншілігі шектелген адамдардың ерекше сөйлеу түрін көрсету үшін көзі көрмейтін жандарға арналған кітап, олардың оқу және жазу қабілетін дамытуға арналған Брайль оқу құралы ұсынылды.

Келген қонақтар ежелгі адамның бейнесіне еніп, көсемге хат жазып, «Тіл» мұнарасын салып, руналық және араб әріптерін жазып, көзі көрмейтін жандарға арналған әліпбимен танысып, саңырау әрі мылқау жандардың тілінде сөйлеп көріп, зор әсер алды.

IMG 2818IMG 2847

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн