29 қыркүйекте «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік бағдарлама аясында «Жауыртау қыстағы» атты қазақ көшпенділерінің қыстағының тарихи қайта жаңарту өтті.

Бұл қайта жаңғыру Теміртау музейінің өлке тарихын, нақтырақ XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазіргі Теміртау қаласы аймағының тарихын зерттеудегі соңғы жылдардағы жұмысының нәтижесі болды.

Қыстақ тарихи кезеңнен дәстүрлі бірнеше бөлімнен құралды:

* үй іші жабдығы сол кезеңге сай жасалған, төбесіне шым төселген саман үй;

* малға арналған қаша;

* жүн тазалауға арналған орын және ши тоқуға арналған арнайы жабдық орнатылған бөлік;

* тағам жасауға арналған орын: оттағы қазан және далада қайнатылатын самаурын.

Қайта құрылған қыстақта кәдімгідей тіршілікті көруге болады, әрбір келуші қалауынша саман кірпіш жасап үйренуге, ши тоқуға, жүн тазалауға, самаурын қайнатуға мүмкіндік алды. Қыстақтағы жылқы мен қойды қалай бағып-қағу керек екндігін үйренуге де болады.

Суреттер мен құжат деректеріне сүйене отырып жасалған қыстақтың шаруашылық бөлімінен басқа, қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетін көрсететін, Теміртау тарихи-өлкетану музей қорында сақталатын, бірегей жәдігерлер орын алды.

«Жауыртау қыстағы» атты қайта жаңарту «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде өткен «Жауыртаудағы кездесу» форум-фестивалінің интерактивтік бөлімі мен тарихи негіздемесі болып табылды.

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн