2018 жылдың 16 қазанында в Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Рухани Келісім күніне арналған «Дін ХХІ ғасырдағы қауіпсіз әлем үшін» тақырыбында сұхбат алаңы өз жұмысын бастады.

Кездесудің қонақтары мен қатысушылары:

  • Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Жүнүсова Динара Нұртайқызы;
  • Теміртау қаласының ұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін талдау және зерттеу орталығының басшысы - Қанаев Дәурен Шегениязұлы;
  • ҚарМИУ студенттері мен оқытушылары;
  • Теміртау қ. Жастар ресурстық орталығының өкілдері.

10-11 қазанда Астанада өткен ұлттық діни және әлемдік көшбасшылар VI съезінің аясында, радикализм мен экстремизмге жол бермеу, бейбітшілікті сақтау мәселелері көтерілді.  Өте мазмұнды кездесу болды, қатысушылар діни лаңкестік туралы өз сұрақтарына теологиялық тұрғыда жауап алды. 

VI съезде көтерілген мәселелер туралы, өзінің алған әсері туралы, осы съездің қатысушысы Қанаев Дәурен Шегениязұлы ой бөлісті.   

Келген қонақтар дін мәселесіне қатысты заңнамалар, Қазақстанда өткен ұлттық діни және әлемдік көшбасшылар съездерінің тарихы, сурет және құжат материалдары ұсынылған „Заманауи кезеңдегі әлемдік діндер тарихы“ атты экспозициямен танысты. 60-тан астам ХVIII-ХХ ғғ. бірегей діни ғұрып заттары  „Әлемдік діндер тарихы“ бөлімінде көрсетілді.

Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Жүнүсова Динара Нұртайқызы, бейбітшілік пен келісімді сақтауда, өскелең ұрпақтың алдында қандай міндеттер тұрғанын айта кетіп, кездесуді қорытындылады.

IMG 3742

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн