2018 жылдың 6 қарашасында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде мерейтойлық думан өтті. 45 жылдыққа арнайы, келушілерді музейдің «1098 шаршы метрімен» таныстыру мақсатында, мерекелік бағдарлама ұсынылды.

Келген қонақтар төрт сағат бойы, музей, экспозициялары орналасқан, музейдің «1098 шаршы метрімен» танысты. Әрбір залда оларды тосын сый күтіп тұрды. Теміртаудың жаңа сауда белгілері, Ежелгі адамның киімі, Ежелгі еңбек құралдары, Кілем тоқу, Тарихи компьютерлік ойын, Музейлік мөр – тақырыбындағы жаңа интерактивтік аймақтар ұсынылды.

Көрме залында инсталляциялық көрініс және соңғы 5 жылғы жобалар көрсетілді.

Мерекелік бағдарлама бойынша белгіленген жерде, белгіленген уақытта, қызықты музейлік іс-әрекеттер болып жатты. Салтанатты түрде музейдің ең бірінші жәдігеріне арналған ескерткіш ашылды. Қонақтар музейлік қуыршақтар театрының көрінісін тамашалады, ретро жәдігердің іске қосылуына куәгер болды, твистерлік музейлік батлда өз күштерін сынады, тыйым салынған жерлерде суретке түсіп, этнографиялық шәйдан дәм татты.

Мерекелік той-думанға Қарағандыдан, Балқаштан және Ростовка поселкесінен келген қонақтар, қаламыздың тұрғындары мен студенттері, мектеп оқушылары, барлық жоғы 300-ден астам адам қатысты.

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн