2018 жылдың 16 қарашасында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында, ұзақ мерзімге бағытталған  "Туған жер" жобасының шеңберінде «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ ұйымдастырған тарихи зерттеулер бойынша Қалалық сайыстың қорытынды кезеңі – «Тарих проекторы» атты Ғылыми – практикалық конференция өткізілді.

«Тарих проекторы» атты тарихи зерттеулердің қалалық сайысы 2018 жылдың 1 қазанында басталды. Бұл сайысқа 12 қалалық мектептер қатысып, 22 тарихи жоба ұсынды. Зерттеушілердің жас шамасы 15 жастан 20 жасқа дейін.

Сайыс қатысушыларының міндеті «Теміртаудың бастамасында», «Тоталитаризм дәуірі менің отбасымның тарихында», «Отбасылық атамұра», «Айбын мен ерлік» тақырыптары бойынша тарихи зерттеулер жүргізу болды.

Эксперттік комиссияның шешімі бойынша сайыстың қорытынды кезеңіне 9 жоба өтті. Бұл жобаларды қорғау Ғылыми-практикалық конференция барысында өтті.

Бағалаудың негізгі шарттары: тарихи зерттеудің тереңдігі мен кеңдігі, құжаттар мен фотоматериалдардың қолданылуы, ерекше көзқарас, безендірілу сапасы.

Теміртау қаласының тарихын өз отбасының тарихы арқылы жеткізген №1Қалалық гимназия оқушысы Стариковская Алина сайыс жеңімпазы атанды. Зерттеу жұмысы отбасылық фотоальбомның негізінде жүргізілді, сонымен қоса отбасылық және архивтік құжаттармен толықтырылып, ХХ ғасырдың басынан қамтитын тарихты жеткізе білді.

Екінші орынға партия қайраткері, металлург Т.С. Смағұловтың өмірбаяны бойынша зерттеу жұмысын жүргізген Ғ.Мұстафин атындағы қазақ мектебінің оқушысы Әлімбекова Әсел ие болды. Ал үшінші орын №2 жалпы білім беретін мектеп оқушылары Байбекетова Әсел мен Түрікпенбаева Әйгерімге тиді. Олар бүгінде Бастапқы Әскери дайындық пәнінен сабақ беретін, өз кезінде жауынгер интернационалист болған  О. С. Шеров пен Е.К. Бейсұлтановтың әскери өмір жолын зерттеді.

Эксперттік комиссия құрамына "Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Жүнүсова Д.Н., Қарағанды облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Касапиди Д.И., "Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі" КМҚК басшысы Скорикова Н. Д., орыс этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Гежа С.К., ҚМИУ "Қазақстан тарихы және әлеуметтік - гуманитарлық пәндер" кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Солтан Магира Солтановна кірді.

Бұл өткізілген сайыс теміртаулық өскелең ұрпақтың туған өлке тарихын зерттеуде, танып білуде үлкен қызығушылық танытатынын көрсетті. Сайыс қатысушылары жинаған барлық материалдар музей қорына өткізіледі.

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн