29 қарашада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арнап Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі көшпелі инсталляция ашты. Бұл инсталляцияның ашылуы Қарағанды мемлекеттік индустриялдық университетінің 55 жылдығына сәйкес келді, ҚМИУ түлектерінің бірі Президент Н.Ә.Назарбаев.

Инсталляция «Ұлт бәсекелестігі – халықтың әл-аухатын жақсартудағы басты жағдай» тақырыбында өткен Х Халықаралық ғылыми-конференцияның бір бөлігі болды.

Инсталляция ҚМИУ оқу орнының ашылу кезеңінен бастап бүгінгі күндегі өміріне дейін баяндайтын 9 бөлімнен құрылды. Экспозицияда ЖОО –ның қалыптасуы туралы бірегей құжаттар, оның ішінде Н.Назарбаевтың Қазақстан ЛКЖО Х съезіндегі Теміртау қаласында ЖОО ашу қажеттігі туралы баяндамасының стенограммасы да бар, зауыт –ЖТОО студенті және түлегі Н.Назарбаевтың жеке ісінен алынған құжаттар, студенттердің халықаралық еңбек акциялары мен Мәскеудегі Дүниежүзілік жастар және студенттер фестивалінің материалдары. Экспозицияны келесі жәдігерлер толықтырды:   1960-80 жж. студенттер мен оқытушылардың оқу құралдары, еңбек акцияларына қатысушылардың және жастар фестивалі делегаттарының арнайы киімі. Экспозицияны Дүниежүзілік карта аяқтап тұрды, ҚМИУ түлектері қай қалада, қай елде жұмыс істегендері және істейтіндері осы картада көрсетілді.

Конференцияның құрметті қонақтары экспозицияға жоғары деген баға берді, олар: Ел басының әріптесі, зауыт-ЖТОО түлегі, ҚР шет істерінің бірінші Министрі, ҚМИУ құрметті профессоры, ҚР төтенше және өкілетті елшісі, ҚР Президенті жанындағы мемлекетті басқару Академиясының профессоры, п.ғ.д., профессор Сүлейменов Т.С.; Ел басының әріптесі, зауыт-ЖТОО түлегі, ҚМИУ құрметті профессоры, техника және ғылым облысында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, т.ғ.д., профессор Сәрекенов Қ.З., ҚМИУ ректоры, т.ғ.д., профессор Жаутиков Б.А., Ресей Германия, Голландия, Польша, Сирия ғалымдары.

Экспозицияны 520  адам тамашалап көрді.

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн