2018 жылдың 13 желтоқсанында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» фото-галереясы ашылды.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы өз жұмысын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, 2017 жылы бастады. Жобаның мақсаты – Тәуелсіздік дәуірінде Қазақстанның дамуына зор үлес қосқан азаматтардың тарихы арқылы прагматизм мен білім, жетістікке жету, бәсекелеске қабілеттілік идеясын алға жылжыту.

Теміртау қаласынан 50-ден астам азамат ұсынылып, оның 11  Республикалық турға өтті. Олардың ішінде спортсмендер, қоғам қайраткерлері, мәдениет және білім саласының қызметкерлері. Жобаға қатысушылардың, Теміртау қаласының танымал азаматтары Әлібек Алпысбаевтың, Ақниет Балтабаевтың, Қазыбек Елегеннің, Ислам Бозбаевтың, Жанна Хасенованың, Наталья Скорикованың, Светлана Харченконың, Сергей Урываевтың, Алексей Ломакинның, Иван Георгиадидың және Мадина Сәлпенованың суреттері, жеке заттары экспозицияда көрсетілді.

2018 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі жұмысын жалғастырды. Бұл кезең еліміздің дамуына зор үлес қосқан, азаматтардың дарыны мен білімі, игі істері, ерен еңбегі, табысқа жету тарихы туралы баяндайды.

Экспозицияның ашылу салтанатында Теміртау қаласының бірінші классикалық лицейінің оқушылары қатысты. Оқушыларға «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тізіміне ілігу үшін не істеу керек екендігі айтылды.

IMG 4629IMG 4631

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн