Соңғы 5 жылда музейде мүмкіндігі шектелген жандармен жұмыс жасауға бағытталған «Шексіз музей» атты жоба жұмыс істейді. Жоба аясында қазақ халқының тарихын, мәдениетін және дәстүрін зерттеп тану мақсатында арнайы бағдарламалар құрастырылады.  

2019 жылы 9 қаңтарда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде дамуы шектелген балаларға арналған «Теміртау тарихы өз қолымызда!» атты зерттемелік іс-шара өткізілді.

Бұл жолы музейде қонақта «Теміртау қ. мүмкіншілігі шектелген адамдарға арналған мәдени-бейімделу орталығы» КММ тәрбиеленушілері болды. Дамуы шектелген балалар үшін музей әлемінің шекарасы кеңінен ашылды. Барлық жәдігерлер қол жетімді жерге орналастырылды. Қолмен ұстап көру арқылы және интерактивтік аймақтардың көмегімен іс-шара қатысушылары Теміртау қаласының тарихын зерттеді.

Балалар Самарқанд елді-мекенінің тұрғындары Қоянды жәрмеңкесінде сатып алған тауарлармен танысып, оларды қолмен ұстап көрді, 30-60-шы жылдардағы жәдігерлерді көріп, Самарқанд елді-мекеніндегі өнеркәсіп нысандарының құрылысы туралы ақпарат алды. Зерттемелік бағдарлама қамшы өру, ағаш үтік – рубельдің күшімен үтіктеу, «достық қабырғасын» қалау сияқты  интерактивтік кезеңдермен толықтырылды. Сонымен қатар, топта жұмыс жасау әдісі қолданылды: балалар Қазақстан Магниткасына аттану үшін комсомол жастардың шабаданын жинап, алғашқы құрылысшылардың шатырлы қалашығына орналасты.  

Іс-шара барысында балалар Теміртау тарихы бойынша жаңа мәліметтермен танысып, ой-өрісін кеңейтіп, өзара қарым-қатынас қабілеттерін арттырды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.