2018 жылдың 1 наурызында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Сергей Кочмаревтің жеке фото көрмесі ашылды.

Ашылу салтанатты түрде лентаны кесіп, қонақтарды көруге шақырумен өтті.

"Теміртау қаласының өмірінен ерекше оқиғалар" автордың жаңа фотожобасы. Оған өткен жылдың оқиғаларын көрсете отырып, өмірдің ретроспективасы болып табылатын 85 репортаждық суреттер сериялары кірді. Мерекелер, салтанатты шаралар, спорттық жарыстар, көрмелер және қала күндері - осының барлығы Сергейдің фотосуреттерінде көрініс тапты.

Ашылу рәсіміне қала әкімі Ғалымжан Әбиханұлы Әшімов қатысты. Ол құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, Сергейді әріптестері мен достары құттықтады: А. Ворожев, С. Козодеров, Д. Ругис, Ю. Пильтихин.

Көрмеге қаланың суретшілері мен фотографтары, "Сплав" фотоклубының қатысушылары, Политехникалық колледждің студенттері, қаланың шығармашылық интеллигенциясы қатысты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.