2019 жылы 6 наурызда ҚР гендерлік саясатын қолдау мақсатында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған, "Тарихтағы әйел рөлі" музей жобасы аясында "Эмансипация қырындары" инсталляциясының тұсаукесері өтті. Инсталляцияның алғашқы келушілері қаланың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен Теміртау қаласының шығармашылық интеллигенциясы болды.

Әйел эмансипациясы тақырыбының бірқалыпты еместігін білдіретін көркемдік қарама-қарсылықпен жасалған инсталляция келушілерге терең әсер етті. Құрылған инсталляцияда әйел бейнесі қалықтаған нәзік ақ көйлек түрінде ұсынылды. Бұл романтикалық және нәзік бейненің айналасында-эмансипацияның жетістіктері – әйелдердің қол жеткізгендері - жоғары білім туралы дипломдары, әскери фуражка, шоферлік руль, сайлау бағдарламалары, берц және қалақшалар көрсетілген. Эмансипацияның бір мәнді емес екендігі арнайы ұйымдастырылған жарықпен ерекшеленген. Бір жағынан ақ көйлек – әйел бейнесіне көңіл аударса, екінші жағынан - эмансипация заттары қоршаған ортаға көлеңке салады. Барлық инсталляция "ЭМАНСИПАЦИЯ" сөзінде тұйықталған.

Инсталляцияның тұсаукесерінде тек көркем безендіруге ғана емес, сонымен қатар Теміртау тұрғындарымен тікелей байланысты, экспозицияда ұсынған жәдігерлерге де назар аударылды. Әйелдердің сайлау құқығындағы жетістіктері мен жоғары басшылық қызметіне қолжеткізгендігінің дәлелі ретінде - Теміртау қаласында басшылық қызметін атқарған ең алғашқы әйел Е.Ф. Мацневаның құжаттары көрсетілді. Жоғары білім алу құқығымен байланысты, XX ғасырдың басымен белгіленген, аспаздық өнер және жазу машинкасында басу курстарын бітіргені туралы әйелдердің бірегей аттестаттары да ұсынылды. Әйелдің ғарышқа алғашқы ұшуын көрсететін газет ерлер мен әйелдер арасындағы теңдікті растайды. Әрбір ұсынылған жәдігер эмансипация құбылысымен және соңғы жүзжылдықтағы қала тұрғындары өмірінде болған өзгерістермен тікелей байланысты.

Көрмеге келушілер көрме залынан бірден кетіп қалған жоқ. Инсталляция оларды тарихтағы әйелдің рөлі туралы философиялық ойға шабыттандырды, эмансипацияның "артықшылықтары мен кемшіліктері" туралы дау туғызды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.