2019 жылдың 18 наурызында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Наурыз мерекесі қарсаңында "Музейлік этнографиялық аукцион" атты интеллектуалдық ойын өтті.

Мұндай ойын түрін музей алғаш рет сынақтан өткізді.

Аукцион сауда-саттық пен сатып алуды білдіреді, қатысушыларға музей ақшасы ұсынылды. Әр команда 100 музейлік ақша алды.

Ойын бірнеше кезеңнен өтті. Бірінші кезеңде интеллектуалдық саудаға торсық, ерлердің кісе белбеуі, үзеңгі, қамшы сынды раритетті этнографиялық заттар қойылды. Олар қара жәшікке жасырылды. Лот ұтып алу және қара жәшікте не жасырылғанын табу құқығы ең көп музейлік ақша төлеген командаға берілді.

Кезеңдердің бірі Ақыл ойыны принципі бойынша өткізілді. Қатысушыларға "Қолөнер", "Киіз үй", "Дәстүрлер", "Үй бұйымдары" тақырыптары бойынша сұрақтар ұсынылды. Сұрақ бағасы күрделілікке байланысты болды.

Балалар өз білімдерін "Ұлттық ою-өрнек" лотында көрсетті.

Ойынға қатысу үшін музейге тұрақты келушілер мен алғаш рет келгендерде шақырылды. Олар "Мирас" колледжінің студенттері мен Политехникалық колледждің студенттері болды. Ойын қызықты өтті. Балалар жақсы білімдерін көрсетті.

Шамалы ғана айырмашылықпен "Мирас" колледжінің студенттері жеңді. Оларға диплом және әр қайсына музейге келу үшін 10% жеңілдікпен сертификат тапсырылды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.