29 мамырда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Қуғын-сүргінге ұшыраған балалық шақ» аудиоинсталляциясы ашылды.

Теміртау музейі сталиндік қуғын-сүргін дәуірі туралы құжаттар мен естеліктерді жинау бойынша көп жылдық жұмыс жүргізуде. Өкінішке орай, уақыттың өтуімен сол саяси қуғындарға ұшырағандар іс жүзінде қалған жоқ. Сондықтан музей балалық шағы тоталитаризм дәуіріне түскен, қуғын-сүргінге ұшыраған балалардың естеліктерін жинап, зерттейді.

Зерттеу нәтижесінде көптеген балалардың естеліктері жинақталды. Олардың кейбіреулері Николаиди Ваняның, Григориади Гришаның, Карева Маргаританың, Карлаш Раяның, Тюрюшкина Зинаның және т.б. естеліктері аудиоинсталляцияның бір бөлігі н құрады. Аудиогидтердегі дыбыстық естеліктерді Теміртау қаласының тарихы залында орналасқан фотосуреттер мен құжаттық материалдар толықтырды.

Аудиоинсталляция жасауға, атап айтқанда, естеліктерді дыбыстауға «Начало» театр студиясының тәрбиеленушілері қатысты.

Аудиоинсталяцияның бірінші қонақтары «Мицар» колледжінің студенттері болды. Олар қуғын-сүргінге ұшыраған балалар туралы айтылған қайғылы балалар дауыстарын естігенде көздеріне жас алды.

Музейге келген әрбір адам аудиогидті пайдаланып, деректі естеліктерді тыңдай алады.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.