Скачать шаблон Joomla с JooMix.org

2019 жылы 21 маусымда Теміртау тарихи-өлкетану музейі «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Орталық Қазақстанның үлкен металының бастауы» ғылыми-зерттеу жобасының бірінші кезеңін жүзеге асырды.

Ежелгі металлургиялық технологияларды қайта құру және моделдеу бойынша эксперименттік жұмыстарды жүргізу мақсатында қола және ерте темір дәуіріндегі Алат металлургтерінің ежелгі қонысына кент тауларына ғылыми-тәжірибелік экспедиция жүргізілді.

Экспедицияға қатысушылардың құрамына музейдің ғылыми қызметкерлері, археологтар, инженер-металлургтер, кәсіби суретшілер, фото және бейнеоператорлар кірді.

Экспедиция барысында қойылған мақсаттар мен міндеттер жүзеге асырылды:

  • ерте темір дәуірінің пеші сәтті қайта жаңартылды, металды балқыту жүргізілді және одан әрі ғылыми зерттеу үшін қожтемір алынды;
  • қола дәуіріндегі пеш қайта жаңартылып, қола балқытылды;
  • керамиканы күйдіру бойынша эксперимент жүргізілді;
  • «Ежелгі металлургтер қонысы» тарихи қайта құру аймағы мен кітап-альбомын жасау үшін фото материалдар мен құжаттық хроника жинақталды;
  • · ежелгі металлургтер қонысының қызметі мен тарихи өткен өмірін визуализациялау және картиналар жасау үшін көркем суреттемелер, эскиздер мен нобайлар жасалды.

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн