Скачать шаблон Joomla с JooMix.org

Теміртауда зергерлік бұйымдардың көрмесі ашылды. Қарағанды облысының қолөнер шеберлері жұртшылық назарына қымбат тастар мен күмістен жасалған үздік туындыларын ұсынуда. Орталық Қазақстанның жер қойнауынан алынған табиғи материалдардан жасалған бұйымдар көрмеге келушілердің көзайымына айналды. Толығырақ тілші тарқатады.

Георгий Мариниченко өзінің тастан жасалған лала гүлдерін қолдан жасап шығаруды жастайынан армандаған. Зергерлік өнерге жаны құмар азамат осыдан төрт жыл бұрын автокөлік жөндеу орталығындағы жұмысын тастап, осы қолөнерге бет бұрғанын айтады.

Мен бәрін табиғи етіп жасауға тырыстым. Кейбір жапырақтардың қалыңдығы миллиметрден де аспайды. Гүл эскизін алдымен балауыздан жасап, кейіннен қисынын келтіріп тастарын салдым.

Ал зергер Серік Елубаевтың топтамасында түрлі тастардың үлгілері бар. Олардың көп бөлігі орталық Қазақстан жерінен жиналған. Мүкқұлақ ақық тас, хризопраз бен жылтыр тастар өзінің ерекше түстерімен көздің жауын алады.

Соңғы жылдары күмістен жасалған зергерлік бұйымдардың шығарылуы едәуір өсті. Олардың ассортименті кеңейіп, сапасы мен көркемсуреттік әшекейленуі жақсарды. Отандық зергерлер де осы материалдың жоғары сұраныста екендігін айтуда.

Анастасия
Машнина, көрмеге келуші:

Бұйымдар өте әдемі. Өзім осындай дара әшекейлерді ұнатамын. Барлық бұйымдарда зергерлердің нағыз шеберлігі көрініп-ақ тұр.

Көрме ашылғалы қолөнершілердің шеберлігін тамашалаймын деушілердің қарасы көп болды. Теміртау қаласының тарихи өлкетану мұражайындағы көрме ақпан айының ортасына дейін жалғаспақ.

Жұрағат БАМАН  

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн