23 желтоқсанда «Үлкен металдың қайнар көзі» жобасы аясында Қазақстанның қара металлургиясының тұңғышы, Қазақ металлургия зауытының іске қосылуының 75 жылдығына арналған «Алғашқы құрыш» атты кездесу-еске алу кеші өтті.

1944 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан даласындағы шағын зауыт алғашқы тонна болатты құйды, болат майдан қажеттілігіне, соғыстан қираған шаруашылықты қалпына келтіруге аттанды . Дәл сол кезде металлургтер қаласы ретінде Теміртау тағдыры анықталды.

Қазақ зауыты болатшылар мен прокатшылардың бірнеше ұрпағын тәрбиеледі, олардың көпшілігі алғашқы Қазақстандық металлургтердің қиындықтары мен жеңістері туралы естеліктерімен бөлісуге келді. Болатшылар М. Жәнібеков, В. Коваленко, мартен цехының бастықтары А. Берг, У. Ғабдуллин зауыттың көп ұлтты ұжымы туралы, Отан үшін еңбектің маңыздылығы және үлкен металдың қайнар көзінде тұрған адамдар туралы әңгімеледі.

Ардагерлер мен жүргізушінің әңгімесі музей қорынан алынған фото және құжаттық хроникамен толықтырылды. Кездесуге қатысушылар қорғаныс көзілдіріктері мен алғашқы болат балқытушылардың арнайы киімдерін, металлургтердің еңбек марапаттарын, алғашқы қазақстандық болат құймаларын тамашалай алды.

Ардагерлер мен қала тұрғындарын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жұмыс істейтін «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы А. Алпыспаев құттықтады.

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн