2020 жылдың 7 ақпанында Теміртау қаласының 75 жылдығына, Қарағанды металлургия комбинатының 60 жылдығына және Қарағанды облысындағы «Қазақфильм» күндерінің аясында музейінде «Қазақстан кинохроникасы таспаларындағы Теміртау тарихы» атты көшпелі экспозиция ашты.

Тарихи оқиғаны бейнелейтін экспозицияның әрбір бөлімі Теміртау өлкетану музейінің қорында сақталған киноленталарды пайдалану арқылы ресімделген. Ленталар музей қорына, «Қазақфильммен» белсенді жұмыс істеген, «Казметаллургстрой» трестінің әуесқойлық киностудиясынан келіп түскен.

Металлургтер қаласының қалыптасуындағы маңызды оқиғалар 60 жылдан астам уақыт бойы «Қазақфильм» киностудиясының назарында. «Кеңестік Қазақстан», «Біздің Магнитка», киножурналдары, Теміртаудың болат балқытушылары мен құрылысшылары туралы деректі бейне-фильмдер, Республикамыздың болашақ президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы сұхбаты жазылған «Металдың әсерлі түсі» атты тарихи таспа Теміртау және Қарағанды металлургия комбинатының тарихын зерттеуде негіз болды.

Экспозицияға Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті , ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Асенов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Рүстем Әбдірашов, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының басқарушы директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қанат Төребай, Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы, кинорежиссер Ермек Тұрсынов, документалист- режиссерлер Олег Белялов пен Алексей Каменский, актерлер Мұрат Мұқажанов пен Айдос Бектеміров, Тұңғыш Президенттің серіктертестері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн