Хабарландыру

Конкурстар

Мектептер үшін

Бағдарламалар

Экскурсиялар

Сіздерді Теміртау тарихи-өлкетану музейінің сайтында көруге қуаныштымыз!

 

dir

Бұл жерде сіздер экспозициялар мен іс-шаралар туралы ақпарат алып, музей қызметіндегі жаңалықтармен танысып, көкейкесті сұрақтарға жауап аласыздар. Сайттағы ақпаратпен танысып, музейге келуге асығасыздар деген үміттеміз.

Тақырыпты ұсынудың классикалық әдісін ойын-сауық элементтерімен, жадыңызда сақталып қалатындай, араластыра жасалған, заманауи сұранысқа сай инсталляция -экспозияларыТеміртау музейінің ерекшелігіне айналды. Тарихи оқиғалар туралы тек қана біліп қоймай, өзіңізді сол оқиғалардың қақ ортасында жүргендей сезінесіз.

Назар аударыңыз! Біздің музейде экспозициялар ай сайын ауысып тұрады.

Музейде барлығы, әркім жас шамасына қарай, қызығушылық табатындай жасалған. Музейдің барлық залында «көрдің-естідің- ал енді қолмен жасап көр» деген қағидамен жұмыс жасайтын интерактивтік зоналар бар. Бұл сізге және сіздің балаларыңызға дене түйсігі арқылы сезіну, көркемдік –эмоционалдық тұрғыда ұғыну, сонымен қатар экспонаттармен өз бетінше жұмыс жасай отырып сол ортаға ену сияқты дүние танудағы түрлі жолдарды қолдануға мүмкіндік береді.

Музей қызметіндегі басты бағыттардың бірі – бұл музейлік педагогика.

Бүгінде біз  «музейдегі сабақ»,  онлайн сабақтар, музейлік білім беру бағдарламалары мен театр элементтері қосылған музейлік мерекелер сияқты жұмыстың жаңа түрлерін белсенді қолданудамыз. 

Теміртау музейінің тағы бір ерекше ашылымы, қала тұрғындарымен қатар облыс тұрғындары да қатысатын, «Музей қалашығы» және «Экспонат салтанаты» атты қалалық акциялар. Музей алдындағы ашық алаңда өтетін бұл іс-шаралар ойын –сауықпен қатар музей қызметі бағытындағы барлық элементтерді қамтиды.

Мүмкіншілігі шектелген балаларға арнап «Музей бәріңіз үшін» бағдарламасы ашылды. Бұл бағдарламаның мақсаты  балаларға берілетін ақпарат көлемін ойын түрлерін қолдана отырып кеңінен жеткізу.

Музейге келіңіздер, дос болайық. Ал біз, осы достығымыз ұзақ әрі баянды болу үшін қолымыздан келгенін аямаймыз!

Құрметпен Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінің директоры Скорикова Наталья Дмитриевна!

2020 жылдың 5 наурызында «Тарихтағы әйелдің рөлі» жобасы аясында Халықаралық әйелдер күніне орай «#әйелдерсөйлейді» инсталляциясының ашылуы өтті.

Техникалық прогресс әйелдің өмірін қаншалықты өзгертсе де, олардың әңгімелерінің тақырыптары 50 немесе 100 жыл бұрынғыдай қалады: үй қамы, балалары, сүйікті ерлері. Егер бұрын әйелдер пошта арқылы хат жіберіп, концерттер мен қызығушылықтары бойынша клубтарда кездескен болса, қазіргі әлемде осының бәрін «ақылды телефон» алмастырды.

Музейлік инсталляцияда әйелдердің виртуалды әңгімелері интернет-қосымшалардың логотипі бар алып смартфондар түрінде ұсынылған.

Әдеттегі таңбашалардың артында уақыт өте келе заманауи интернет – қолданбаларға айналған заттар орналастырылған. Қазіргі іздеу жүйелері-бұрын энциклопедиялар, мерзімді басылымдар және кітапханалар болды ; мессенджерлер - пошта жөнелтілімдері; органайзерлер – қабырға күнтізбелері және қолжазба кітапшалары және т.б. болды .

Инсталляцияның мәні тек смартфондар тарихында емес, бұл гаджеттің әйелдердің өмірін басып алғандығы туралы. Жақындарымен нақты қарым-қатынас орнына, олар виртуалды әлемде көп уақыт өткізеді.

ХХ ғасырдың бұл трагедиясын өрмекшінің торы мен құрғақ жапырақтар басып қалған екі бос орындық бейнелейді. Орындықтардың жоғары жағында - әйелдерге махаббат пен қолдау сөзін алмастырған екі смайликті көруге болады.

Инсталляция тақырыбы заманауи келбетті тарихи заттармен: 1950 жылдардағы карболит телефондарымен, микрофиштердегі энциклопедиямен, көне фотоальбомдармен және тіпті қадам өлшегішпен үйлестіруге мүмкіндік берді.

 

Видео о музее

Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі туралы бейнематериал.

1424 2 kz  1424 3 13 каз08022019172508

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.