2021 жылғы 12 сәуір сағат 10.00-де «Ай жәдігері» жобасы аясында адамның ғарышқа алғашқы ұшуының мерейтойына орайластырылған «1961 жылғы 13 сәуірдегі «Комсомольская правда» газеті» экспозициясының ашылуы өтті.

Алпыс жыл бұрын басылып шыққан бұл газет бірегей жәдігер болып табылады. Газеттің бірінші бетінде Кеңес Одағы Үкіметінің атынан 1961 жылы 12 сәуірде, Байқоңыр ғарыш айлағынан бортында адам бар «Восток» ғарыш кемесі ұшырылғаны туралы хабарлама басылған. Ғарыш кемесінің ұшқышы аға лейтенант Юрий Гагарин болды, сонымен қатар ғарышкердің суреті мен өмірбаяны басылды.

Ұсынылған жәдігерді Татьяна Аркадьевна Бурачкова музейге сыйға тартты.

Экспозицияның ашылу барысында әлеуметтік желідегі жазылушыларымыз ТАСС-тың алғашқы ғарыштық ұшу туралы ақпараттың неге кешіктіріліп шыққанын білді. Не үшін алғашқы ұшу туралы 3 құпия коммюнике жасалды. Гагариннің ұшуымен қандай төтенше жағдайлар болуы мүмкін еді. Осы және басқада қызықты ақпарат ұсынылды.

Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен тікелей эфирде өтті.

14 04 2021 214 04 2021 3

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.