2021 жылдың 29 сәуірінде Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Зияткерлік этнографиялық аукцион» өтті.

Алғаш рет тікелей эфирде жасына қарамастан барлық тілек білдірушілер өз білімдерімен сайысқа түсті. Зияткерлік шайқасына Қазақстан, Ресей, Германиядан әлеуметтік желідегі жазылушыларымыз қатысты.

Зияткерлік аукционда қазақ, орыс, корей, грек халықтарының материалдық мәдениетінің заттары лотқа қойылды. Олардың арасында қымызға арналған ыдыс-торсық, ерлердің кісе белбеуі, багоди, шабата, музыкалық аспаптар – кеменже, сазсырнай, матрешка, өңіржиек сияқты қолөнер бұйымдары мен зергерлік бұйымдарды көруге болады. Барлығы 10 этнографиялық музей жәдігері ұсынылды.

Музейге тегін кіру билеттері ойнатылды. Кім бірінші және дұрыс жауап берсе, бір билет алды. Нәтижесінде зияткерлік музей аукционының жеңімпаздарына 10 билет кетті.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.