2021 жылдың 15 шілдесінде сағат 15-00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Алатқа оралу» музейлік adventura ұсынылды.

2019 жылы мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Теміртау музейінің қызметкерлері ата-бабаларымыздың тәсілімен металл балқытуды қайта жаңғырту үшін металлургтердің ежелгі қонысына аттанды.

Біз ежелгі металлургтер болуға тырыстық, кен өндірдік, көмір дайындадық, пеш салдық, металл алдық. Экспедиция нәтижелері бойынша комикстер, кітап, ашық хаттар жинағы шығарылды. Осы жылы біз экспедицияның ғылыми-зерттеу жұмыстарын ойын форматында ұсынуды жөн көрдік.

«Алатқа оралу» - бұл интерактивті ойын. Басталар алдында ойыншылар ойынның мақсаты мен ережелерімен танысты. Ойын текшесі мен чиптерін алды. Әрі қарай, кезек-кезек ойыншылар лақтыру аймағында текшені лақтырып, ойын аймақтарын аралап жүрді: елді мекен, тоқу шеберханасы, Кентөбе кеніші, орман, қыш шеберханасы, дала, батпақ және ежелгі металлургтің шеберханасы.

Әр жерде жәдігерге байланысты тапсырма орындалды.

Ойынның мақсаты - мәреге бірінші болып жету және ежелгі металлургтердің балқыту нәтижесін – қожды көру.

«Алатқа оралу» атты музейлік adventure ойынына келуші ежелгі металлургтердің бағытымен жүріп өтіп, «Алат» қонысы тұрғындарының құпияларын біле алады.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.