2021 жылдың 28 желтоқсанында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында шығарылатын «Теміртаулықтардың өмірінен алынған оқиғалар. Қалалықтар» атты музейлік кітаптар сериясының төртінші томы - «Құрыш майталмандары» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.

«Құрыш майталмандары» атты жаңа басылым теміртаулық металлургтерге, Қазақстанның қара металлургиясы негізін қалаған алғашқы болат балқытушылар мен илектеушілерге арналған.

1942 жылдың сәуірінде қазақ ғалымы Қ.И. Сәтбаевтың белсенді атсалысуымен Самарқанд кентінде (1945 жылдан – Теміртау қаласы) металлургия зауытын салу туралы шешім қабылданды. Ұлы Отан соғысы жүріп жатқанын ескере отырып, кәсіпорын қысқа мерзімде тұрғызылды. 1944 жылғы 31 желтоқсанда Қазақ металлургия зауыты алғашқы Қазақстандық болатты селдей ағызды.

Бұл оқиға республикада қара металлургияның пайда болуын ғана емес, сонымен қатар металлургтердің ұлттық кадрларының пайда болуының негізін қалады. Арнайы, металлургиялық мамандықтарды игеру үшін, соғыс жылдары, алғашқы мартен пештерінде жұмыс істеген, қазақ ұлтының 2000-ға жуық бозбаласы жұмылдырылды.

Музейдің жаңа басылымы алғашқы металлды бағындырған, құрыш майталмандарына арналған.

Кітапқа алғашқы металлургтер: Социалистік Еңбек Ерлері А.Дәрібаев, Е. Байғазиев, М. Мүслімов, Еңбек Ері А. Жүнісов, Қазақстанның еңбек сіңірген металлургтері С. Кәкенов, М. Ыбыраев және т. б. қатысты бірегей фотосуреттер, деректі материалдар енгізілген.

Басылымда ұсынылған материалдар Қазақстандағы алғашқы қара металлургия кәсіпорны – Қазақ металлургия зауытының (1944-1996 жж.), кейіннен Қарағанды металлургия комбинатының құрамына кірген – қазір «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның тарихын көрсетеді.

«Теміртаулықтардың өмірінен алынған оқиғалар. Қалалықтар» сериясының кезекті басылымы «Құрыш майталмандары» кітабының тұсаукесеріне металлургиялық өндірістің ардагерлері, қаланың жоғары сынып оқушылары, қалалық және облыстық БАҚ өкілдері келді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.