2022 жылдың 27 қаңтарында «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимінде «Бескид» тау-туристік шаңғысы экспозициясының ашылуы өтті.

Шаңғылар кез-келген тауға шығушылардың жабдықтарының ажырамас бөлігі болып табылады. Олар тау бөктерінде ұзақ қашықтықты еңсеруге көмектеседі.

Экспозицияда ұсынылған «Бескид» тау-туристік шаңғысы өзінің беріктігі үшін аңызға айналды. Болаттан жасалған жиектері бар қатты ағаштан жасалған шаңғы өздерін тау бөктерінде де, орманда да керемет көрсетті. Олар Украинаның Мукачево қаласында шығарылды. Жасалатын ағаш Сібір мен Кавказдан арнайы әкелінді.

Бұл шаңғыны музейге Теміртау қаласының тұрғыны альпинист, І санатты нұсқаушы Андрей Викторович Фёдоров тапсырды.

Ол альпинизммен Қарағандыда кездейсоқ альпинистермен кездескеннен соң әуестене бастады. Теміртау қаласында осы уақытта Теміртау қаласының ТАКТ – Туристік - Альпинистік клубы жұмыс істеді. Оның қатысушылары жылдың көп бөлігінде Теміртаудағы Қызыл жартастарда, Курминкадағы Суран тауларында, Шет ауданы, Дарья станциясынан 12 км қашықтықтағы Бұғылы тауларында жаттықты. Ал жазда олар тауларды бағындыруға аттанды.

1968 жылы Андрей Викторович Алматы маңындағы «Талға» лагеріне жолдама алды. Іле Алатауында ол өзінің алғашқы жеңісіне жетті – Юбилейный шыңын (4180 м) бағындырды.

КСРО-да альпинизм қарқынды дами бастады. Көптеген жастар тау шыңдарын бағындыруға шындап дайындалды, бірақ альплагерлер барлығын қабылдай алмады.

Жолдамалардың жетіспеуі және тәжірибелі нұсқаушы-альпинистердің болмауына қарамастан Теміртауда тау туризмі белсенді дамыды.

Андрей Викторович алты рет атақты жетімыңдық - тауларға көтерілді: Ленин шыңы (7134 м), Памир, Е.Корженевская шыңы (7105 м) және Коммунизм шыңы (7439 м), Памир, Хан Тәңірі (7000 м), Тянь-Шань. Альпинизммен айналысқан 23 жыл ішінде Андрей Викторович әр түрлі қиындықтағы 400-ге жуық таудың басына шықты.

Альпинистер Қарағанды қаласында жаттығуын жалғастыруда, ал Теміртау қаласында әуесқойлардың бейресми секциялары жұмыс істейді.

Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтті. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.