2022 жылдың 4 наурызында Халықаралық әйелдер күніне орай «Екі өлшемдегі әйел» көпжылдық жобасы аясында «Эпизодтар» көрмесінің ашылуы өтті.

Көрме ашық қолжетімді форматта рәсімделіп, Теміртау музейі ғимаратының қасбетіне орналастырылды.

Бұл көрмеде ХХ ғасырдағы Теміртау әйелдерінің өмірінен алынған фактілерді, олардың Теміртау қаласының қалыптасуына қосқан үлесін көрсететін музей қорындағы бірегей фотоқұжаттар ұсынылды. Фотосуреттердің арасында бұрын жарияланбаған суреттер орналастырылған және бұрын айтылмаған фактілер жарияланған.

Көрмеде қазіргі Теміртау қаласының маңында XIX – XX ғасырлардағы қыстаудың иесі, Оразбектің ұрпағы Оразбекова Идаштың портреті; қаланың алғашқы әйел мұғалімдері Силина Татьяна мен Шелухина Аннаның портреттері; Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы алғашқы хабар алған телеграфшы Лебедева Евдокияның портреті; Теміртаудағы алғашқы қазақ мектебінің негізін қалаушы және бірінші директоры Ахметова Дариғаның портреті және т. б. орын алды.

Көрменің алғашқы келушілері, Теміртау қаласының № 24 мектебінің жоғары сынып оқушылары экспозициямен танысып қана қоймай, музей қорындағы жәдігерлерді зерттеп, олардың арасынан көрмеде ұсынылған оқиғалар мен әйелдерге тікелей қатысы бар: телеграф кілтін, трамвай кілтін, ХХ ғасырдың ортасындағы оқушы дәптерлерін, кеңестік өндірістің иіссуын, шабадан-балеткаларды және т. б. заттарды анықтады.

Экспозицияны рәсімдеу Теміртау әйелдері мен қонақтарына ерекше сыйлық болды!

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.