4 мамыр күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік күзетінде» атты экспозиция ашылды.

Экспозицияда ҚР Қарулы Күштері, Теміртау қаласының аумағында орналасқан әскери бөлімдер туралы: Қорғаныс Министрлігінен - 55524 әскери бөлімі, Ішкі істер Министрлігінен – 5516 әскери бөлімі туралы материалдар ұсынылды.

Экспозицияның фоны теміртаулық әскери бөлімдер ұсынған түрлі әскер түрлерінің әскери қызметшілерінің формалары, әскери амуниция мен киім-кешек орналастырылған бүркемелеу торы болды.

Фотоматериал арқылы Теміртау қаласының әскери бөлімдерінің құрылу тарихы баяндалды.

Қазақстандық жауынгердің заманауи келбетінің аталарымыздың жеңістерімен байланысын көзбен көру үшін экспозиция «Ұлы Отан соғысы кезіндегі блиндаж» фотозонасымен толықтырылды, онда ардагерлер музей қорына тапсырған 1941-45 жж. жәдігерлер ұсынылды.

Экспозицияның ашылуына 5516 бөлім командирі Ш.Ж. Әшімов, 555 24 бөлім командирі Ж. С. Ақышев, қала оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.