2022 жылғы 3 маусымда ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы қарсаңында "Қазақстан халқының бірлігі" және "ҚР Тәуелсіздігі жылдарындағы Теміртау" залдарында "Шифр" зерттеу іс-шарасы өткізілді , онда интерактивті-танымдық бағдарлама форматында мемлекеттік рәміздерді музей  экспонаттары арқылы ғылыми нақтылау жүргізілді.

Ойынға қатысушылар ҚР Елтаңбасының бөлшектерін  қазақ халқының материалдық мәдениетінің  этнографиялық заттары арқылы қарастырды: шаңырақ, кереге, уық және т.б. ҚР Елтаңбасының орналасуын, жұмбақ «Қара жәшікте» жасырылған  925 сынамалы күмістен жасалған "proof" сападағы монетасы арқылы көрсетті.

Топтық ойын ұйымдастырылып, балалар берілген тапсырмаларды, ребустарды, анаграммаларды шешіп, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, өздерінің ой-өрісін жарысқа салды. Барлық материалдар мультимедиялық бағдарламаның көмегімен   ұсынылды, танымдық бейнефильмдер көрсетілді.

Іс-шараға № 6 ОМ  3-4 сынып оқушылары қатысты.  

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.