23 қыркүйек 2022 жылы Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» тарихи қайта құрудың жалпыұлттық клубының жұмыс бағдарламасы бойынша «Жауыртау шатқалындағы Жауыр - өткел қыстауы»  тарихи қайта жаңғыртудың ашылуы өтті.

Тарихи қайта құру XIX-XX ғасырдың басында қазіргі Самарқанд су қоймасы, Теміртау қаласы аумағында орналасқан Жауыртау шатқалындағы Жауыр – өткел қыстағының фрагментін қайталады.

 Қыстау А.К. Гейнс(1865 жыл) жетекшілігімен өткен ғылыми экспедицияның есебі мен Ф. А. Щербина (1896 жыл) басшылығымен А. Бөкейхановтың қатысуымен жүргізілген ғылыми экспедициялардың есептері; қазақстандық ғалымдары Ә. Х. Марғұлан, С. Ж. Жолдасбаев, Э. Р. Усманова және т. б. жүргізген зерттеулер, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұрағаттары, ҚР Орталық ғылыми кітапханасы, Ресей мемлекеттік кітапханасы қорларындағы  (Санкт-Петербург қ.) тарихи құжаттарына сүйеніп Теміртау тарихи-өлкетану музейі жүргізген  ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде жасалды.

Қайта жаңғырту барысында тарихи шындыққа барынша жақын құрылыс материалдарын жинауға ерекше назар аударылды. Тарихи нысанды қалпына келтіру үшін қажет нәрсенің бәрі: саз, қамыс, сабан, шым кірпіштері қыстаудың маңында, яғни біздің ата-бабаларымыз сияқты өндірілді.

Тарихи қайта құру клубының жұмысы аясында-бұл әр түрлі факторлардың әсерінен іс жүзінде жоғалған осы жерлерді мекендеген тұрғылықты халықтың  қыстайтын тарихи тұрғын үйін көрсететін алғашқы презентация.

Атқарылған жұмыстардың арқасында  ата-бабаларымыздың мұрасы болып табылатын ғасырлық материалдық мәдениетті көре аласыз. Демек, тарихқа, дәстүрлерге деген қызығушылықты оята отырып, өткенімізді өскелең ұрпаққа жаңғырту және тарату, олардың бойына адамгершілік және рухани қасиеттерді сіңіру.

«Теміртау қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Шәкенова А.Қ., өлкетанушы Мұқан Тұңғышбай Өміртайұлы және «Ұлы даланың ұлы өркениеттері»  жалпыұлттық тарихи қайта құру клубының басқа да мүшелері  «Жауыртау шатқалындағы Жауыр – өткел қыстауы» тарихи қайта жаңғырту тұсаукесеріне жоғары баға берді.

Қонақтар үшін халықтық қолөнерді қайта жаңғырту алаңдары жұмыс істеді, олар астықты қолмен  өңдеуді үйренді, жүнді бастапқы өңдеудің практикалық дағдыларын алды, басқұр тоқып, табиғи материалдан шарбақ жасап көрді. Сондай-ақ самаурын қайнатып, шай ішті.

Іс-шараға 70-тен астам адам қатысты, "Сарыарқа", ТТК телеарналары, Теміртау баспа басылымдары қатысты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.